Мерейлі мереке, лайықты марапат

Аймақтар
04.08.2026, 10:33
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атыраулық теміржолшылар төл мерекелерін биыл да үлкен жетістікпен қарсы алды. Өңірде тасымал тасқыны артып, соған сәйкес қаражат көлемі де мол болыпты. Биыл аймақта 5 вокзал жаңартылып, жолаушылар игілігіне ұсынылды.

Жолдар күрделі және орташа күшейтілген жөндеуден өтіп, көптеген бағыттамалы бұрмалар ауыстырылды. Қысқасы, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға маңыз беріліп, өндіріс саласында ілгерілеушілік бар. Мерекеге орай теміржолшыларды Атырау магистральдық желі және жүк тасымалы бөлімшелері басшылары, ардагерлер кеңесі, кәсіподақ төрағасы құттықтап, биік абырой мен мықты денсаулық, отбасы амандығын тіледі. 

 

Мерекеге орай көптеген теміржолшылар марапатталды. Биылғы жылы өңірден екі адам «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды. Атырау локомотив пайдалану депосы, Ганюшкино айналым депосының тепловоз машинисі Ерлан Тарихов марапатын Астана төріне барып алса, Атырау жол дистанциясының учаске бастығы Есқали Айсаға Атырау магистральдық желі бөлішесінің бастығы Аралбай Қосымбаев табыс етті.  

Сонымен қатар жүзден аса адам: станция кезекшілері, жол жөндеуші, электрмеханик, пойыз құрастырушы, машинист, оның көмекшісі, вагон жөндеуші, кассир, жүк қабылдап-жөнелтуші, т.б. мамандар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының, Жүк тасымалы, магистральдық желі дирекциясы, жергілікті бөлімше басшыларының Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен, «Үздік басшы», «Кәсібі бойынша үздік», «Адал еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ осы салаға көп жылдар тер төге еңбек еткен бір топ сала ардагерлері мен темір жолдың абыройын арттырып жүрген спортшылардың да еңбегі еленді. Мерекелік шара әсем ән, күмбірлеген күймен көмкерілді.  

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті