Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды

Аймақтар
07.08.2026, 20:12
Оқуға 2 мин

Қостанай облысының Арқалық қаласында жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Қостанай облысы әкімдігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, сала ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Қайта құру барысында үш қабатты вокзал ғимараты жаңартылды. Оның ауданы 2,5 мың шаршы метрді құрайды. Шатыр, қасбет және ішкі бөлмелер жөнделіп, жылыту, желдету, сумен, электрмен жабдықтау, кәріз және байланыс жүйелері жаңартылды. Қасбеті фиброцемент панельдерімен қапталған. Ішкі әрлеу үшін отандық өндірістің берік, отқа төзімді және оңай жуылатын материалдары пайдаланылды. Заманауи аспалы төбелер орнатылып, еден жабындысы керамогранитпен қапталған. Жолаушылар үшін жайлы күту залдары, билет кассалары, ана мен бала бөлмелері, санитарлық үй-жайлар жаңартылды. Вокзал мобильділігі төмен азаматтарға толықтай бейімделген: кедергісіз орта және қажетті инфрақұрылым құрылды. Вокзал маңы аумағы мен жолаушылар перроны абаттандырылды.  

Нысанда заманауи бейнебақылау, өрт дабылы, жолаушыларға қол жеткізуді бақылау және хабарлау жүйелері енгізілген. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа эвакуациялық шығулар жабдықталды. Ыңғайлы жиһаз және технологиялық жабдық орнатылды.

Қостанай облысында жаңғырту бағдарламасына алты теміржол вокзалы кірді. Арқалық, Аманқарағай, Құсмұрын және Железорудная станцияларының вокзалдарында жұмыстар аяқталды. Қостанай станциясы вокзалында құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары, инженерлік желілерді орнату, аумақты және жолаушылар перроның  абаттандыру жалғасуда. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалуда.  

Теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өз қаражаты есебінен іске асыруда.

Бұдан басқа, өңірдің көліктік қолжетімділігін арттыру үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Нұрлы жол – Арқалық» қатынасымен №225/226 жаңа жолаушылар пойызын тағайындады. Бұрын бұл бағыт бойынша тасымалдауды тек жеке тасымалдаушы жүзеге асырған.

Пойыз 2025 жылы RWS Wagon шығарған алты жаңа вагоннан тұрады-үш купе және үш плацкарт. Құрамның сыйымдылығы 250 жолаушыдан асады. Вагондар ауа баптау жүйелерімен, заманауи қауіпсіздік құралдарымен, USB порттарымен, электр розеткаларымен және жеке жарықтандырумен жабдықталған. Пойыз күн сайын Астана (Нұрлы жол вокзалы) – Жалтыр – Атбасар – Жақсы – Есіл – Державинская – Арқалық бағыты бойынша жүреді.

Сондай – ақ, № 225/226 «Нұрлы жол – Арқалық» пойызында Starlink технологиясы негізінде спутниктік интернет іске қосылды. Іске қосу кезеңінде қызмет жолаушыларға әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге, бейнесервистерге, жұмыс платформаларына және басқа да интернет-ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, барлық жүру жолында тегін көрсетілетін болады. Билеттерді ресми bilet.railways.kz. сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында сатып алуға болады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды