Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті

Аймақтар
18.08.2026, 09:18
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз қаласындағы жүк вагондарын сұрыптайтын 2-санаттағы Бурыл станциясында күзетілмейтін үш өткел, тақ және жұп 8 негізгі жолдан бөлек 48 кірме жол бар. Жолаушылар пойыздары өтетін басты магистральдық жолдан шеткері жатқанымен, мұнда жүк пойыздарының қозғалысы өте жоғары. Әсіресе маневрлік жұмыстар мен жүк өңдеу процестері кезінде өткелдерде қауіп-қатер арта түседі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы және Жамбыл локомотив пайдалану депосы бірлесіп, Бурыл станциясының өткелдерінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткелдердегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Тараз станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі де атсалысты.  

Акция барысында көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге өткелдерден өту кезінде сақталуы тиіс ережелер түсіндірілді. Жамбыл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары міндетін атқарушы Вадим Королев қауіпсіздік талаптарын сақтау – көлік жүргізушілерімен қатар локомотив бригадалары үшін де ортақ міндет екенін алға тартты. Маневрлік жұмыстар кезінде машинистерге қауіпсіз еңбек жағдайын жасаудың маңыздылығын еске салды.  

Ал Тараз станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция аға лейтенанты Сералы Кембаев жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы талаптарын бұзған 1600-дей азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтып, темір жолды кесіп өту кезінде қауіпсіздік ережесін бұзғандарға алғаш ауызша және жазбаша ескерту беріліп, хаттама толтырылатынын ескертті.

– Сонымен қатар Тараз станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің қызмет атқару аумағында 10-14 тамыз күндері аралығында «Көліктегі құқық бұзушылыққа жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсат – теміржол көлігі нысандарында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Екі апталық іс-шаралар кезінде теміржол вокзалдары, жолаушылар пойыздары, перрондар мен теміржол инфрақұрылымы нысандарында профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, құқық бұзушылықтар мен әкімшілік сипаттағы заң бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бағытында тиісті жұмыстарды жүргіземіз. Сонымен қатар жолаушылар мен теміржол нысандарына жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына қауіпсіздік талаптарын түсіндіреміз, ал талап – баршаға ортақ, – дейді Сералы Ералыұлы.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады