Жетістікке жол салған жарты жыл...

Аймақтар
01.08.2016, 11:22
Ел Шығысындағы шойынжол саласында еңсерілген ауқымды іс бар. Жыл жартысындағы оң қорытынды осыны айғақтайды. Бірінші кезекте, ұлттық компания алға қойған межелі істердің барлығы да жоғары деңгейде орындалды. Сондай-ақ, теміржолшылардың әлеуметтік өмірінде де оң өзгерістер баршылық. Бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевпен сұхбатымыз осы тақырыпта өрбіді. – Кез-келген сала жетістіктерін алдымен кіріс көлемімен өлшейді. Бұл ретте Семей жол бөлімшесі бойынша жүк тасымалы артып, шығынның азаюы есебінен локомотив тартымдылығы ұлғайып отырғаны – біз үшін басты көрсеткіш. Эксплуатациялық көрсеткіш күрт жоғарылап, техникалық жоспарға сай жүк айналымы 4,5 пайызға, ал жүк тиеу 4,36 пайызға артты. Ал пойыздың орта салмағы 123 тоннаға жеткізілді. Сондай-ақ, жолдың балдық көрсеткішінің жақсаруы ауыр салмақтағы пойыздарды жолға шығаруға себеп болды. Бұл көрсеткіш бойынша рекорд жаңартылды. Бүгінде бөлімшеден тәулігіне 6 ауыр салмақтағы пойызды жөнелтуге мүмкіндік туды. Бұл барлық жылжымалы құрамдардың 85 пайызын құрайды. Сонымен қатар, пойыз салмағын арттыруда динамометриялық вагон сынақтан өткізілді. Нәтижесінде, салмағы 700 тоннаға жететін пойыздарды жолға шығаруға болатыны анықталды. Ал бұл өз кезегінде локомотив паркін 1,6 бірлікке азайтып, зор үнемділік әкеледі. Биыл ауыр салмақтағы пойыздарды өткен жылмен салыстырғанда 250 пойызға арттыру жоспарланып отыр. – Пойыздар жылдамдығын арттыруда жетістік бар ма? – Әлбетте, бүгінгі міндет – жүк тасымалын арттыру, қауіпсіз жеткізу ғана емес, жеделдік екендігі де белгілі. Бұл ретте Жаңа-Семей станциясынан республика бойынша тұңғыш рет жұптық негізде Шаттл пойызы ұйымдастырылды. Яғни, ЖШС «Аlmix» жүк жөнелтуші клиент үшін жеделдетілген тәртіпте жүк тиеп, Алматы – 1 бағытына жолға шығарылды. Жабық вагондағы жүк жоспарға сай, діттеген жерге әдеттегі мерзімінен бір тәуліктен аса уақыт бұрын жеткізілді. Қысқасы, контейнерлік пойыздардың бағыттық жылдамдығын арттыру, станциялардағы аял жасау мерзімін қысқарту – жүкті бақылаудың барлық техникалық нормаларына сай келді. Семейлік теміржолшылар жүк тиеу бойынша рекордтық көрсеткішті жаңартпақ ниетте. Қазірдің өзінде экспорттық негіздегі жүктерді тиеу ісі өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 35 пайызға артық орындалыпты. Көмір тиеу де жоспардан асыра орындалып, 3,8 пайызға жеткен. Жалпы Республика бойынша қатты отынмен қамтуда Семей жол бөлімшесі алдыңғы орында екендігін де айта кетуге болады. – Өндірісті өркендетумен қатар әлеуметтік саланың да әлеуетін арттыру қажеттігі дау тудырмаса керек... – Әлеуметтік ахуал бойынша биылғы жартыжылдық Семей өңірінің теміржолшылары көп игілікке қол жеткізді деп айта алам. Себебі, осынау аз мерзім ішінде сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қамту бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Көп балалы әрі тұрмысы төмен бірқатар отбасылары үшін материалдық көмек жасалынды. Киім-кешектен бастап, азық-түлікке дейін жеткізіліп берілді. Мүгедек балалары бар сала қызметкерлеріне дәрі-дәрмек алуға қомақты қаражат табыс етілді. Республикалық «Шын жүректен!» акциясы аясында бөлімше жастары елеулі қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, жарымжан жандарға адрестік көмек жасалды. Дәл мұндай деңгейдегі жұмыстар бөлімшеде бұрын-соңды орын алмаған болатын.Сонымен қатар шалғай станциялар мен жол айрықтарындағы бөлімше балансындағы теміржолшылар үйлеріне жөндеу жүргізу, моншаларды іске қосу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ондаған станциялар маңы толықтай гүлдендіріліп, абаттандырылды, 25 балалардың ойын алаңқайы қайта жаңғыртылды. Кейбір жол айрықтарында жаңадан салынды. Ал осыған дейін сынға қалып жүрген Семей теміржол вокзалының сыртқы келбеті қайта түледі. Айтпақшы, жол бойындағы теміржолшылардың жаппай қуанышына себеп болған жарқын жаңалық – көпшілік станциялар мен елді мекендерге таза ауыз су келгенін қалай айтпасқа?! «Теміржолсу» АҚ бөлімшенің бірқатар станцияларында су модулдерін салса, кейбір станцияларда тіпті ғасырдан аса жасы бар су айдауыш мұнараларды қайта жаңғыртты. Шексіз рахмет оларға...

– Соңғы жылдары семейлік теміржолшылар қала мен облыс көлемі бойынша қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысатыны сөз болуда? – Әрине, теміржолшылар кез-келген елдік іс-шарадан қашан тыс қалып көріп еді? Бір ғана мысал, биылғы көктемде Семей өңіріндегі қылқан жапырақты орманды қалпына келтіру мақсатында әрі шаһарды жасылдандыру бағытында 20 мың түп көшет отырғызылды. Бұл шара теміржолшылардың өз күшімен жүзеге асты. Өскемен қаласынан алдырылған қайың, қарағай көшеттері облыстық ауруханадан бастап қаланың өзге де қоғамдық орындарына егілді. Ал күтіп-баптау жұмыстары сол мекемелерге тапсырылды. Сондай-ақ, алты айдың көрсеткіші бойынша спорттағы жетістіктеріміз де қомақты екенін ауыз толтырып айта аламыз. Мысалы, теміржолшылар бөлімше тарихында тұңғыш рет қалалық спартакиаданың бас жүлдесін еншілеп, шаһар чемпионы атанды. Яғни, спорт пен салауатты өмір салтын серік етуде қаладағы мекемелер мен ұйымдар арасында теміржолшыларға ешкім жетпейді деген сөз. Ал мини-футбол, үстел теннисі, шахмат ойындары бойынша бөлімше спортшылары ұлттық компания бөлімшелері арасында ұйымдастырылатын республикалық сайыстарда да жеңімпаз атанып жүр. – Жастарға сенім білдіресіз бе? Жалпы, кімдерге арқа сүйейсіз? – Бөлімшеде жастар саясаты нәтижелі жүргізілуде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей жол бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі Ләззат Айтмұханова бастаған белсенді топтың жұмысын қалай жоққа шығарамыз. Мәселен, қайырымдылық мақсатта жәрмеңке ұйымдастырып, мүгедек балалары бар теміржолшыларға көмек ретінде қаржылай жәрдем ұсынып, жуырда өткізілген жастар марафонында үйінен ем қабылдайтын ауру балаларға қаржылай көмек бергенін, сонымен қатар, қаладағы балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін елеулі сый жасап, қамқорлық көрсеткенін айта кеткен жөн. Бөлімшеде жастардың күшімен құрылған көркемөнерпаздар үйірмесі мерекелік кештер мен түрлі салтанатты шараларды өткізеді. Дәл осы өнерлі теміржолшы қыз-жігіттер республикалық деңгейде өткен КВН байқауынан бірінші орын алды. Сонымен қатар, көпшілікпен ақылдасып, кеңесіп шешім қабылдайтын жерде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы Консультативтік кеңес мүшесі, Семей жол бөлімшесі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Қырықбай Әлсейітов, теміржолшы қыз-келіншектердің «Бағыт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нағима Мойынбаева сынды ардагерлер ақыл-кеңесіне құлақ асамын. Жалпы мен өзімді «креативный» жанмын деп есептеймін, үлкен-кіші, басшы-қосшы болсын, барлық жанмен бірдей араласып кете беремін... – Әңгімеңізге рахмет, семейлік теміржолшыларды алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбекте табыс тілейміз.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
08.06.2026
Вокзалда тәртіп бұзған азамат жауапқа тартылды
Аймақтар
08.06.2026
Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет
Жаңалықтар
08.06.2026
Alstom Қазақстанда жаңа сервистік депо салып жатыр
Инфрақұрылым
08.06.2026
Сексеуіл стансасында жаңа вокзал құрылысы қарқын алды
Инфрақұрылым
08.06.2026
Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Жаңалықтар
08.06.2026
Бакуде Қазақстанға арналған алғашқы контейнерлік кеменің құрылысы басталды
Спорт
08.06.2026
ҚТЖ алғаш рет футзалдан балалар арасындағы республикалық турнир өткізді
Жаңалықтар
06.06.2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен жүру ережелері еске салынды
Жаңалықтар
06.06.2026
ҚТЖ Тrip Optimizer жүйесімен ТЭ33А тепловоздар паркінің 92% - дан астамын жабдықтауды аяқтады
Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда
Цифрландыру
05.06.2026
Жасанды интеллект қолданыста
Аймақтар
05.06.2026
Еңбек түбі – береке
Аймақтар
05.06.2026
Дарынды жүз бала қатарында
Жаңалықтар
05.06.2026
Донор болу – сауапты іс
Әлеумет
05.06.2026
Әрқашан күн сөнбесін...
Жаңалықтар / Мұрағат
05.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №43 5 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
04.06.2026
ҚТЖ осы жылдың мамыр айында локомотивтердің кезекті партиясын алды
Инфрақұрылым
04.06.2026
Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.06.2026
Теміржолшылар мемлекеттік рәміздер құрметіне ауқымды патриоттық флешмоб орындады
Жаңалықтар
04.06.2026
Минскіде Қазақстан мен Беларусь темір жолдары басшыларының екіжақты кездесуі өтті