«Денсаулық» пойызы – Оңтүстік Қазақстанда
Аймақтар
03.08.2016, 09:51
Оңтүстіктің он алты шағын бекет, разъездерін аралап келе жатқан «дөңгелек үстіндегі емхана» 21 шілдеден бері – он күнде 1300 адамды қабылдаған.
Түркістаннан бастау алған сапар Ақшоқат, Шойтөбе, Отырабат, Монтайтас, Қостүйін, Жылға, Шеңгелді, Қалаш, Леңгір сынды шағын станцияларда жалғасып, осы демалыс күндері Төле би ауданындағы Тоғыс бекетінде тұрғындарды қабылдауда. Пойыздың бас дәрігері Жанар Шағырбаеваның айтуынша, ақ халаттылар он күнде бес рет жеңіл-желпі ота жасаған. Сондай-ақ, бұл жолы тексеруден өткендердің арасында қатерлі ісік пен өкпе аурулары кездескен.
– Былтырғы жылмен салыстырғанда, бізге тексеріліп тұратын науқастардың біразы өз денсаулықтарына күтіммен қарап жүргенін байқадық. Әр келген сайын ауруына орай жолдама бергендіктен, созылмалы сырқаты бар кісілер тұрақты ем қабылдайтынын айтуда. Тексеруден өткен 300 балада бронхит, пневмония сынды созылмалы өкпе аурулары жиі ұшырасты. Арасында тері венерологиялық аурулар да анықталды. Осы тері аурулары экологияның ластығынан болуы мүмкін. Оның үстіне жазда ата-ананың бақылауынсыз қалған жеткіншектер шалшық суға түсіп, соңынан таза сумен жуынбайды. Үлкендермен балаларға гигиеналық тазалық туралы жиі әңгімелеуді айтып жатырмыз әр станцияда. Ал, әйелдердің біразынан жатыр мойнындағы эрозияны байқадық. Қатерлі ісікпен есепте тұратын науқастар да ағзасын бір тексертіп алды. Сондай-ақ, УДЗ арқылы байқағанымыз, бүйрек сырқаттарын асқындырып алғандар көбірек болды. Ер кісілерге қан құрамындағы холестерин мен қанттың жоғары болуын анықтайтын тест қолданылды. Он минуттың ішінде зертхананың мәліметі шығып, қанында қант пен холестериннің мөлшері көбейген кісілер анықталды. Бұл ауру майлы тамақтарды көп тұтынып, дене қозғалысын жасамағаннан пайда болады. Одан бөлек, күнделікті тірліктегі күйзеліс жағдайлардың әсері бар, – дейді Жанар Малыбайқызы.
Ақ халаттылар пойызында терапевт, кардиолог, невропатолог, акушер гинеколог, маммолог, дәрігер зертханашылар, көз, құлақ дәрігерлері бар. Оған қоса, педиатор, стоматолог, УДЗ және рентген мамандары, асқазан жүйесін тексеретін эндоскопист сынды 16 денсаулық сақшылары жұмыс істеуде. Тоғыстан әрі пойыз Састөбе, сосын соңғы Көктерек бекетіне аялдайды.
Ауылдық медпункттердегі дәрігерлер де пойызға келіп, тәжірибелі мамандардан ақыл-кеңес сұрап тұрады екен. Бас дәрігерден білгеніміздей, күн сайын 150-250 шамасында тұрғындар пойыздың есігін қағады. Тексеруден өткен тұрғынның сырқаты анықталса, дәрігерлер жергілікті амбулаториядағы әріптестеріне жолдамамен жібереді. Одан кейін науқастық сауығуы өзі мен жергілікті емхана қызметкерлеріне байланысты болмақ. Пойыздағы мамандардың міндеті – тек шұғыл көмек көрсетіп, сырқатын анықтап, толықтай емделуіне жөн сілтеу.
– УДЗ мен асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасын осында эндоскопиялық аппарат арқылы тегін тексереміз. Қазір портал жүйесі арқылы науқасқа облыстық, республикалық емханаларда емделуіне жағдай жасалуда. Республика бойынша бір портал жүйесі болғандықтан, интернет қай күні бекітсе, сол күні науқасты ауруханада жатып емін бастайды. Ол үшін қалаға келіп тексеріліп жүргенше, ауылдан порталға тіркеліп емделу оңай, – дейді Жанар Шағырбаева.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады