Қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бірлесе еңсермек

Аймақтар
30.10.2018, 13:02

Бүгін Сексеуіл жол дистанция басшылығы жергілікті теміржол саласы мекемелерінің басшыларымен құқық қорғаушы органдар өкілдері және жергілікті атқарушы орган мамандарымен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі шараларын арттыру мақсатында дөңгелек стол басына жиылып, кездесу өткізді.

 Кездесуге теміржолшылардан бөлек Сексеуіл кенті әкімінің орынбасары мен Желілік полиция бөлімінің инспекторы, жергілікті мектеп ди⁠ректоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Сексеуіл жол дистанциясының барлық телім басшылары қатысты.

Дөңгелек стол басына жиналғандардың басты мақсаты – Сексеуіл жол дистанциясы телімдері бойында жайылатын қараусыз жайылған малдың рельс үстіне шығып, тепловоз машинистерінің жедел тежегіш басуының алдын алу, мекеме мүліктерінің ұрланбауын мен зақымданбауын қадағалау, мектеп оқушыларын теміржол бойындағы қауіпті аймақтармен таныстыру, жергілікті ауылдық округ тұрғындарымен профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізу, жалпы алғанда аса қауіпті аймақ саналатын теміржол бойында ешкімнің зардап шекпеуіне жағдай жасауды кеңінен талқыға салу болды. Және де осы жиынға қатысушылардың әрқайсысының пойыздардың қауіпсіз қозғалысына кедергі келтіретін тосын жағдайлардың алдын алуға үлес қосуын талап ету болды.

– Жол дистанциясы бойынша бүгінгі күнге дейін, яғни 9 ай 25 күннің ішінде дистанция телімдерінен жүріп өткен тепловоз машинистері жол бойында жайылған малдың кесірінен 77 мәрте жедел тежегіш басуға мәжбүр болған. Оның 9 жағдайында мал пойызға басылған, қалған жағдайда келеңсіздіктің алдын алуға мүмкін болған. Осы жағдайларға байланысты ЦЖСБ-19-20/24 ЦЖС Кенжебековтің, АУР/392-И НЖС Басықараевтың жеделхаттарына сәйкес Сексеуіл жол дистанциясында дөңгелек стол ұйымдастырылып отыр. Жедел хатта көрсетілген шаралардың орындалуына жұмыс жасап жатқан жолшыларға өз құзіреттеріңіз шегінде көмек қолын созуларыңызды сұраймыз, – дейді жиналғандарға қарата Сексеуіл жол дистанциясының басшысы Мәжит Құрманбаев.

Дистанция бойынша қараусыз малдың жол бойына жақындамауының алдын алу үшін жолшылар тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, осы айдың өзінде пойыздардың қауіпсіз қозғалысын сақтау шараларын арттыру мақсатында дистанция ұжымы тарапынан ауылдық округ әкімдігіне қатынас хаттар жолданса, жергілікті әкімшілік және құқық қорғау өкілдерімен бірлесіп мектеп оқушыларымен, ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, теміржолдың қауіп-қатерлі аймақ екендігі тағы да түсіндірілген. Осындай профилактикалық шаралар Қарақұм, Шижаға, Күршек ауылдарында, Арал қаласы және Сексеуіл кентінде жергілікті тұрғындармен өткізілсе, №13, 87, 231 және 59 орта мектептерде оқушылармен кездесу өткен.

Дистанция ұжымы жергілікті тұрғындармен жүргізіліп жатқан жоғарыдағы жұмыстардың бәрі аса нәтижелі болмаған соң, бүгін міне, мүдделі тараптардың басын қосып дөңгелек үстел ұйымдастырып отыр. Жиынға қатысушылар теміржолды малдан қорғау үшін қоршауларын салу, жергілікті полиция бөлімшесінің қосымша тіркеу жұмыстарын жүргізу, мал дәрігерлерінің барлық малға ен қойып, сырға салынуын жүргізуі секілді мәселелерді ақылға салып, талқыға түсірді. Және де ауылдық округтердің әкімдігі мен мектеп басшылығы тарапынан алдағы уақытта өтетін кездесулерді ұйымдастырып, мамандарды қатыстыруға үлес қосуы айтылды. Осындай кездесулермен қатар қосымша «Теміржол – қауіпті аймақ», «Жол белгілері арқылы өту» тақырыптарында таныстырылымдар өткізіп, қосымша теміржол көлігінен жарақаттанудың алдын алу, өтпелерден өту қағидалары, иесіз зат табылған жағдайда қандай шешім қабылдау керек, теміржол аймақтарында тыйым салынатын нәрселер төңірегінде түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігі кеңінен талқыланып, алдағы уақытта осы жұмыстардан нәтиже шығаруға уағдаласып, осы сарында қаулы қабылдады.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Сексеуіл станциясы

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл