Өнер-білім бар жұрттар...

Аймақтар
31.10.2018, 11:44

Жылда жүзден аса жастар ғылыми жобаға атсалысады. Мақсат – жас теміржолшылардың білімін жетілдіріп, саланың мүмкіндігін арттыру. Міне, ақтөбелік теміржолшы жастар инновациялық дәстүрлі додада тағы да бас қосты.

«Аймақтық инновациялық даму» тақырыбындағы тренингке 130 адам қатысуда.  Шараның мақсаты – жастардың білімін дамыту, бір-бірімен қарым-қатынас ұстап, жан-жақты болуға үйрету. Тренинг барысында сәтті қорғалған 15 жоба іріктеліп алынып, оның ішінде ерекше мүмкіндігімен таңқалдыра алған үш жоба ерекше аталды. Олар енді Астанада өтетін республикалық бәсекеде бақ сынамақ. 
– Бүгінгі тренингке өз қызметіме қатысты жоба алып келдім. Мүгедектерге арналған арнайы вагон шығаруды ұсынып отырмыз. Қазіргі пойыз құрамында мүгедек адамдарға арналған тек екі ғана орын бар. Біз ұсынған жоба мүшелері пойызға мүгедектерге арналған арнайы вагон қосуды сұрайды. Онда шамамен 10 орын болады деп жоспарладық. Вагон ішін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жабдықтармен қамтамасыз ету және жеделсаты салуды ұсынып отырмыз. Әр палатада жуынатын бөлмелер және дәретхана болады. Бір вагонды жабдықтау құны шамамен 1,5 млн теңге болады деп жоспарлаймыз. Техниканың дамыған уақытында бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ерекше қамқорлық болмақ. Біз теміржол қызметін тұтынатын халықтың қажеттілігін толықтай өтей алуымыз керек, – дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ мекемесінің жас маманы Эльвира Әбдіғалиева.
Теміржолшы жастар арасында вагондардағы ақауды тез анықтауға болатын жоба ұсынғандар да бар.
– Мұндай жобаларға мен бірінші рет қатысып тұрған жоқпын. 2016 және 2017 жылдары да үздік жобаммен танылдым. 2016 жылы республикалық сында екінші орын алдым. Ал 2017 жылы  инновациялық тренингтің "Жақсы жоба" дипломы табысталды. Биылғы жылы да, міне, Астанаға барып, бақ сынау мәртебесіне ие болып жатырмын. Пойыз доңғалағын тексеру үшін өзі жанып-сөнетін шамдарға қатысты жобамды алып келіп отырмын. Мұнда пойыздың  жүріп бара жатқан жай-күйі, қызған-қызбағаны және ең бастысы қауіпсіздік белгілері көрініп тұрады. Және қызып кетпеуді бақылауда ұстайды. Бұл әрі вагондарда ақаудың жоқтығына жылдам көз жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба құны бір жылға 2,5 млн теңге, он жылға 25 млн теңге болады деп отырмыз. Қазіргі қолданыста бұл жұмыстарға жылына 3,5 млн теңге кетіп жатыр. Біздің жоба қолдау тапса, экономикалық жағынан тиімді болады деп ойлаймын. Ғылыми жобалармен айналысқан маған қатты ұнайды. Осы жобаны қорғап келгеннен кейін тағы да ойда жүрген жұмыстармен айналыспақпын. Осындай жобаларды тек ел ішінде ғана емес, мемлекет аралық шараларда ұсынуды көздеп жүрмін, – дейді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің жетекші инженері Айзат Қожан.
Айзаттың темір жол саласында еңбек етіп жүргеніне 8 жылға жуықтаған. Шұбарқұдық станциясында еңбек жолын бастаған жас маман бүгінде жетекшілік қызметке қол жеткізген. Ғылыми жұмыспен айналысу – сүйікті хоббиі. 2017 жылы "Үздік рационализатор" төсбелгісімен марапатталған.   


Ардақ Саттарқызы, Ақтөбе

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл