Технологиялық процестер қадағалануда

Аймақтар
09.11.2018, 11:13

Семей ЖТ бөлімшесінде маусымдық жүк тасымалы бойынша астық және өзге де ауылшаруашылық дақылдарын тиеу мен тасымалдау шаралары аяқталуға жақын. Күзгі жиын-терін науқаны аясында теміржолшылар жергілікті диқандар қауымы мен кәсіпкерлер үшін мейлінше қолайлы жағдай жасап, өнімдерін ысырапсыз жеткізуде ілкімді жұмыс жүргізді. 

Ағымдағы жылғы қазан айының 4-і күні астық пен ауылшаруашылық дақылдары түріндегі жүктерді жөнелтушілер қажетін толық орындау мақсатында бөлімше басшылығынан тұратын арнайы жұмыс тобы құрылған-ды. Бөлімше басшысының логистика бойынша орынбасары Болат Өтегенов жетекшілік ететін комиссия осынау аралықта жүйелі жұмыс жүргізді. Атап айтсақ, барлық станция бастықтары тәулік бойғы кезекшілік кестесін жасап, бірыңғай астық тасымалына жауапты команда жасақтады. Сонымен қатар, астық дақылдарын тиеу мен түсіру шаралары аясында вагондарды жөнелту мен қайта жинақтау ісі қатаң қадағалауға алынып, станциялардағы технологиялық процестер арнайы топ назарында ұсталды. Соның нәтижесінде локомотивтер мен жүк вагондарының орташа тәуліктік өндірістік өнімділігі арттырылды. Мұның сыртында астық, ұн жеткізушілер мен қадағалаушы органдар арасынан фитосанитария саласы мамандарымен бірнеше мәрте клиентуралық кеңестер өткізілді. Және де астық өнімдерін тиеу мен жеткізу мақсатында арнайы күнтізбелік жоспар даярланып бекітілген еді.

Қазіргі күні астық тасымалы науқанына «KTZ Express» АҚ филиалының Семейдегі агенттік пункті мен «Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалы жүк және коммерциялық жұмыстар бөлімінің мамандары да тартылған.

– Биылғы көзделген меже толық орындалды деуге болады. Жоспарлы шараларға қол жеткізілді. Бір мысал, өткен жылы тек бидай дақылы бойынша 20234 тонна жүк тасымалданса, биылғы жылы оның көлемі 106,0 пайызға артығымен орындалып, 27254 тоннаға жеткізілді, – дейді бөлімшедегі логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженерлері.

Жоспарлы шаралар аясында ұтымды іс көп. Мәселен, биыл күзгі жиын-терін барысында қарақұмық (гречка), күнбағыс сынды дақылдар да молынан тиеліпті. Өткен жылы оның көлемі небәрі 30936 тонна болса, қазіргі уақыттың өзінде 30933 тоннаға жеткен. Кешірек пісіп жетіліп, жайырақ орақ салынатын күнбағыс пен соя, асбұршақ дақылдары әлі толық жиналып біткен жоқ. Егер тасымал барысы дәл осы қарқынмен жүзеге асса, ағымдағы жылғы жоспарлы меже 106095 тонна жүк жөнелтілімі толығымен іске асады деуге негіз бар. Айтпақшы, мұның сыртында жыл соңына дейін тасымалдау қарқыны үздіксіз жалғасатын құрамажем, күнжара сынды өнімдер тағы да бар.

Шығыс аймақтағы астық тиейтін Жаңа-Семей, Семей мен Ауыл станцияларындағы жұмыс әлі де қызу жүргізілуде. Қырман басынан тікелей жеткізілетін өнімдерді тиеу ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тыңғылықты жүргізілуде. Басты әріптестер саналатын «Шығыс-Астық» ЖШС, Семей «Ұн-Құрамажем комбинаты» ЖШС тарапынан ешқандай шағым жоқ.

Арнайы құрылған топ қадағалауындағы күзгі астық тасымалы осы қарқынмен жүргізіле берер болса, жыл соңына дейін көрсеткіш көлемі еселеніп өсетіні анық.

Қуаныш Қожаев, Семей


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл