Техникалық оқу – айрықша назарда

Аймақтар
13.11.2018, 07:44

Қызылорда локомотив пайдалану депосында өткізілетін техникалық сабақтардың сапасын арттыру және тиімділігіне басымдық беру мақсатында биылғы 1 қарашадан бастап «Техникалық оқуға айрықша назар бөлу» айлығы жарияланды.  

Айлық жарияланған сәттен бастап мекеменің жұмыс орындарында айлықтың жарияланғаны жайлы аншлагтар ілініп, жұмыс жоспары түзілген. Арнайы айлықтың өту барысын бақылайтын арнайы бақылаушы құрам бекітіліпті. Кәсіби мамандардан іріктелген топ оқыту шеберлері мен нұсқаушы-машинистердің өндірістік оқыту конспектілерінің толтырылуын тексеріп, олардың жеке құрамммен теориялық, тактикалық және практикалық тұрғыда сапалы сабақ өткізуін бақылауға алған.

– Бұл айлық «ҚТЖ-ЖТ» басшылығының үстіміздегі жылдың 30 қазан күнгі берілген ГПГ/11024-И факсограммалық жеделхаты мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті басшылығының №ЦЗБ-05-06/33 хаттамасы негізінде қолға алынып отыр. Осыған орай, Қызылорда локомотив депосының басшылығы арнайы бұйрық шығарып, теміржолшылардың білімі мен біліктілігін арттыру жұмыстарына кірісіп кеттік. Негізгі басымдық техникалық, өндірістік оқытуға беріліп отыр. Осыған орай өзіміздің теориялық білімімізді қайта пысықтап, дайындықты қабат жүргізудеміз, – дейді депоның оқыту жөніндегі машинист-нұсқаушысы Мақсұт Сейітов.

Теориялық және техникалық білім айрықша назарға алынған айлық барысында нұсқаушы-тәлімгерлер берген сабақтардың сапасы, бақылаушылар тарапынан сабаққа қатысушылардан өткен тақырыптар жайлы сауалдар қою арқылы үш мәрте тосын тексерумен анықталмақ. Және де локомотив бригадаларының стандарттан тыс және апатты жағдайлардан жол тауып шыға білуі жайлы бейнетаспа түсіріледі. Техникалық сабақ өткізілетін кабинеттер оқу стендімен, макеттермен және қосымша пайдаланылатын құрал-саймандармен толықтырылатын болады. Мұның барлығы жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын арттыра түсері анық.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Суретті түсірген автор


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл