Қауіп төндірген цистерна...

Аймақтар
15.11.2018, 11:54
Оқуға 3 мин

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі аумағындағы Бестамақ пен 41 разъезд арасында хлор тиелген цистернадан ауаға улы газ тарап, оқиға орнына құтқару қызметтері дереу жетті. Оқиға орнында қаламаңы жолаушылар пойызы болған еді. Ақтөбе өрт сөндіру пойызы ұйымдастырған кезекті оқу-жаттығу сценарийі осылай өрбіді.  

Шараға облыстағы радиациялық-химиялық қорғау қызметі, «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Ақтөбе филиалы, қалалық ішкі істер бөлімі, Ақтөбе облысы бойынша медициналық қызмет, төтенше жағдайлар басқармасы Ақтөбе станциясындағы өрт сөндіру пойызы, ВЧДЭ-4, ТЧЭ-2, ПЧ-4, ШЧ-5, ДС, ЭЧ-2 сынды теміржол мекемелері жұмылдырылды.  

Сценарий бойынша, Бестамақ пен 41 разъезд арасында қауіпті газ тиелген вагон-цистернада жарық пайда болып, улы газ ауаға тарай бастайды. Вагонның дәнекерленген бөлігіне 5 мм көлемінде ұзындығы 10 сантиметрдей болатын сызат түскен. Ал көрші жолда жолаушылар тиелген пойыз құрамы тұрады.

«Жалпы, мұндай оқу-жаттығу шаралары құзырлы, жауапты тараптардың төтенше жағдайға қаншалықты дайын екендігін көрсетеді. Жаттығу жұмыстары оларды пысықтай түсу үшін өткізіледі. Сонымен бірге, өрт қауіпсіздігіне жауапты мекемелердің өзара қарым-қатынасы да тексеріліп, реттеледі», – дейді Ақтөбе станциясындағы өрт сөндіру пойызының басшысы Әділ Құбаев.

Оқу-жаттығу шаралары барысында улы газдың шығу ошағы, зардап шеккендерді оқшаулау, медициналық көмек көрсету, хлор тараған аумақты қоршап, зарарсыздандыру тактикалық эпизодтары көрсетілді.

Апатты жағдай Қандыағаш пен Ақтөбе станциялары аралығында Бестамақ - 41 разъезд перегонында орын алғанын айттық. №2001 пойыз тежегіш магистраліндегі қысымның төмендеп кетуіне байланысты аялдайды. Жол үстіндегі апатты жағдайды байқаған №6992 «Ақтөбе - Шалқар» бағытындағы қаламаңы жолаушылар пойызының машинисі тұғыл тежегішті іске қосады. Екі пойыз арасындағы қашықтық небары 10 метрді құрайды. Цистернадан сары түсті улы газ ауаға бөлініп жатады. Жолаушылар пойызындағы адамдар өміріне қауіп төнді деген сөз...

Жолаушылар пойызының машинисі дереу құзырлы орындарға хабар бере бастайды. Сол мезетте жанындағы көмекшісінің денсаулығы сыр беріп, жағдайы нашарлай түседі. Құтқарушылар жеткенше машинистің өзі де уланады.

Өз кезегінде, хабар алған облыстық радиациялық-химиялық қызмет оқиға орнына шұғыл жетеді. Ұлттық компания тарапынан жедел арнайы штаб құрылып, жолаушылар пойызын апат аймағынан алып шығу үшін резерв тепловоз жөнелтіледі. Ауада түзілген улы бұлтты зарарсыздандыру үшін өрт сөндіру пойызы іске кіріседі. Дәрігер мамандар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете бастайды. Резерв тепловозы келіп, жолаушылар пойызын оқиға орнынан әкетеді.

Ақтөбе өрт сөндіру пойызының басшысы Әділ Құбаевтың айтуынша, республика көлемінде өтіп жатқан «Қыс-2018» арнайы тактикалық-жаттығу шараларына Ақтөбе өңірінен барлық дерлік құтқару қызметтері түгел қатысты. Оның айтуынша, шараға тартылған теміржол мекемелері бір қолдың саласындай бірлікте жұмыла жұмыс жасаған.

Айта кетейік, Ақтөбедегі жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелеріндегі жолдардың жалпы ұзындығы 1514,4 шақырымнан асады. Оның ішінде екі жол телімінің ұзындығы 531,7 км болса, бір жолдың ұзындығы 982,7 км құрайды. Ал, жартылай автоматты бұғатталатын жол аралығы 600 км жуық. Жүк тиеу-жөнелту операциялары үшін 41 станция қызмет етеді. Оларда хром рудасы, мұнай, қара металл, металл сынықтары, химикаттар мен құрылыс материалдары, өнеркәсіптік шикізат, астық, өнеркәсіп тауарлары тиеледі немесе түсіріледі.

Ақтөбе облысы батыс аймақтағы ірі өңірлердің бірі болып саналады, мұнда «Қазхром» АҚ, Дөң кен байыту комбинаты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе рельсарқалық зауыты, бірқатар қиыршық тас зауыттары мен мұнай өндіру кәсіпорындары бар.


Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды