Белкөл станциясының теміржолшылары бағыттамалық бұрмаларды ауыстырды

Аймақтар
15.01.2019, 12:47

Сәтті өткен толаскезді білеміз, ал... тәтті толаскездің болатынын білмеппіз. Ал шын мәнінде болатынын құлағымызбен естіп қана қойған жоқ, көзімізбен көріп қайттық. Сәтті де тәтті өткен толаскез болды... 

Жылдың төрт мезгілінде үнемі жол бойынан табылатын Қызылорда жол дистанциясының жолшылары бұл жолы Белкөл станциясында «толаскез» өткізді. Мақсат – станциясының тақ паркіндегі 3-бағыттамалық бұрманы ауыстыру. Жол дистанциясы жігіттерімен қатар мұнда Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының мамандары мен Белкөл станциясы теміржолшылары да ортақ іске өз тараптарынан атсалысуда.    

Қыс ауасы болғанмен аяз жоқ, тек аздап ызғар білінеді. Кілең сары күртеше киген теміржолшылар күрек-қайла, басқа да құрал-жабдықтарын алып жұмысқа кіріскен. Енді бірі станция кезекшісімен рациямен байланысып пойыздардың қозғалысын бақылап тұр. Әне қолына жалауша ұстаған бригадир рация арқылы әлдекімге есеп беріп жағдайды баяндап жатыр...

Өздеріне берілген төрт сағаттық толаскезді тиімді пайдаланып қалуға тырысқан жолшылар ұйымдасқан кәсіби түрде жылдам қимылдап жатыр. Сондықтан арада бір сағат өткенде арнайы ат терлетіп қаладан келген топқа мойын бұруға да шамалары болмады.

Ал бұл келгендер – теміржолшылар жағдайының талап деңгейінде болуын бақылап, бақылағанда да олардың маусымдық киімдермен, жұмысқа қажетті құрал-жабдықпен, т.т. қамтылуын көзбен көріп, қажет жағдайда дәрігерлік көмектің қолжетімді болуын, қажетті дәрігерлік керек-жарақпен қамтылуын байқау, бәрінен бұрын қыс ауасында ауқымды жұмысты қолға алған жолшыларға рухани демеу жасау мақсатында арнайы жолға шыққан «Нұр отан» партиясының «Теміржол» филиалы өкілдері мен дистанция кәсіподақ ұйымы өкілдері еді.

– Ауа райының қолайсыз күндерін елеп ескермейтін теміржолшылар, жол дистанциясы мен белгі беру және байланыс дистанциясы және станция ұжымы, қалпына келтіру пойызы майталмандарынан құралған 60-қа жуық жұмысшы бүгін жоспарлы түрде бұрмалы бағыттаманы ауыстыруда. Қызылорда станциясынан 12,5 км жердегі Белкөл станциясында өтіп жатқан осы толаскезді көзбен көріп, теміржолшыларға рухани демеу беру үшін кездесіп, хал-ахуалдарымен танысу үшін келдік, – дейді өкілдер атынан «Теміржол» филиалы төрағасы орынбасары Базара Танбаева.  

Саланың әр мекемесінен келген мамандар тынымсыз еңбектің нәтижесінде өздеріне тиесілі толаскез кезіндегі жұмыстарын 4 сағаттың ішінде орындап шықты. Бағыттамалық бұрманың металдық бөлшектерін, яғни ағаш шпалды темірбетон шпалына ауыстырған жерін бірі күрекпен тегістеп, бірі қосылған жерін балғамен ұрып, айнамен қарап, рельстердің дұрыс орнығуын бақылап, жұмыстың тыңғылықты орындалғанын тексеруге де уақыт жетті. Келген партия өкілдері рельсті төсеу кезінде бекітілген нормалардың сақталғанын, рельстердің техникалық талапқа сай төселгенін көзбен көрді. Міне, теліммен алғашқы жолаушылар пойызы да жүріп өтті...

Тек осыдан кейін ғана қонақтар теміржолшылармен емен-жарқын әңгіме-дүкен құруға уақыт табылып, олардың еңбектеріне алғыс айтты. Сонымен қатар қонақтар құр қол келмепті. Сәтті аяқталған толаскез құрметіне жолшыларды өздерімен бірге ала келген ыстық шәй мен самса-бәліштерімен сыйлады.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Белкөл станциясы 

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды