Шу локомотив пайдалану депосында тағы бір қазандық іске қосылды

Аймақтар
17.01.2019, 14:17

«Теміржолсу-Шу» ЖШС – өзінің тікелей міндеттемелерінен бөлек қосымша қаржы көзін тауып жұмыскерлерінің әлеуетін тасытып отырған мекеме. Кәсіпорын өткен жылы Шу локомотив пайдалану депосының қазандығын толық жаңартып, көгілдір отынмен жұмыс істейтін қазандықты пайдалануға берген болатын. Онда заманауи құрылғылар орнатылды.  

Міне, осындай ауқымды жұмысты іске асырған кәсіпорынға Жамбыл локомотив пайдалану депосы да тапсырыс беріп, жаңа жылдың қарсаңында депоның жаңа қазандығы іске қосылды. Бұл қазандық та газбен жұмыс істейді. Бір еркешелігі, газ болмай қалған жағдайда электр көзі мазутпен жұмыс істей береді. Оның барлығы автоматтандырылған. 

– ЖТ-Жамбыл бөлімшесіне қарасты Жамбыл локомотив пайдалану депосындағы жаңа қазандық құрылысы мерзімінен бұрын аяқталып отыр. Жұмыс мамыр айында басталды, желтоқсанда аяқтап отырмыз. Негізі жұмыс 12 айда біту керек болатын. Екі бағыттағы құбыр 700 метрге тасталды. Жобаның құны – 74 381 000 теңге. Аталған қаржы толықтай игерілді. Тапсырыс беруші Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі. Ал Жамбыл учаскесінде 78 жұмысшы бар. Облыс орталығында 3 056 абономентке қызмет көрсетеміз. Негізінен Тараз қаласындағы Байзақ батыр көшесі бойындағы заңды және жеке тұлғалар қызмет алады. Ал негізгі абономенттер – темір жол желсінің арғы жағындағы тұрғындар. Онда бірнеше темір жол мекемелері де бар. Өткен жылы күзгі комиссиялық байқауда жақсы шығып, қысқа дайындығымызды да жоғары деңгейде пысықтадық. Қазір қысқы науқан жұмысы қалыпты өтуде. Алда көктемгі комиссиялық байқауға да дайындық бар. Сондай-ақ тарифке келетін болсақ, әу бастан біздегі тариф ең төменгі тариф болатын. Оған заңды және жеке тұлғалардан ешқандай талап болған емес. Өткен жылы санитарлық аймақтарды қоршауға 35 миллион теңге бөлінген болатын. «Теміржолсу-Шу» ЖШС қызмет көрсететін аумақта тоғыз нысанды қоршау керек болатын. Оның үшеуі облыс орталығында. Бұл жұмыстар да толық бітті, – дейді «Теміржолсу-Шу» ЖШС Жамбыл учаскесінің бөлімше бастығы Әбзелбек Тоқтарбаев.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды