Облыс орталығына айналған Түркістан қаласы қайта жаңғыруда

Аймақтар
17.01.2019, 14:24

Бүгінде облыс орталығына айналған Түркістан қаласы қайта түлеп, қайта жаңғыруда. Түркістанға теміржол тартылғалы бір ғасыр. Бүгінде тоғыз жолдың торабын түйістіріп отырған көне Түркістан станциясы жаңа облыс орталығының мәртебесін көтерісуге атсалысуда. 

Себебі, бүгінде үлкен көші-қон мен ауыс-түйіс, одан қалды ауқымды құрылыс аумағына айналған көне қалаға жан-жақтан ағылған жүк көлемі күрт артқан. Жүк тасымалдаушылар мен жолаушылардың басым бөлігі темір жол қызметін пайдаланады. Бұл тұрғыда Қадыр Сырлыбеков басқаратын Түркістан станциясы теміржолшыларының ерен еңбегін ерекше атап өтуге тиіспіз.

Қызылорда – Шымкент жол бөлімшелері арасындағы шекаралық бекет атқаратын жұмысына қарай телімдік станция болып есептелсе, ал жұмыс көлеміне байланысты І класты станцияға жатады. Станцияда 16 жол бар, 2 парктен тұрады. Біріншісінде, пойыздарды қабылдап-жөнелту паркі, яғни 1-8 жолдар. Екіншісі, сұрыптап-жөнелту паркі, яғни 9-16 жолдар. Түркістан – Шорнақ және Түркістан – Шойтөбе аралығы 2 жолды біржақты автоблоктаумен жабдықталған.

Станция басшысының операциялық жұмыс бойынша орынбасары Мүтәліпжан Шариповтың айтуынша, станция блокты БМРЦ орталықтандыру жүйесімен жабдықталған, электрлік орталыққа 65 сигнал, 71 бағыттамалы бұрма кіргізілген. Станция төмен қуатты сұрыптау дөңесімен жабдықталған. Дөңес станцияның тақ бағытында орналасқан. Маневрлік сұрыптау жұмыстары 2-ТЭМ екі тепловозымен жүргізіледі.

– Түркістан – Қызылорда және Түркістан – Арыс бағытына телімдік немесе құрама пойыздар құрастырылады. Іргедегі Кентау қаласы бағытына өндірістік темір жол желісі жалғанған. Вагондарды өндірістік телімге өткізу үшін бұл жұмыстар Борисовка станциясында жүзеге асырылады. Станция ұжымы өткен жылы өнімді жұмыс істеді деп айтуға толық негіз бар. Жүк тасымалы жоспары 136 пайызға, жүк түсіру жоспары 110 пайызға орындаса, вагон айналымы 103 пайызға, пойыз қабылдау мен жөнелту – 100 пайызға, бір жүк операциясында вагонның бос тұруы 104 пайызға орындалды. Станцияда 133 адам еңбек етеді, 70 пайызын жасы елуден асқан тәжірибелі теміржолшылар құрайды, – дейді М.Шарипов.

Күре жолдың бойында жатқан көне станция арқылы батыс пен шығысқа ерсілі-қарсылы жүйткіген жүк және жолаушы құрамалары жыл он екі ай бір тынған емес. Жолаушы құрамдары қатарында «Түркістан – Астана», «Түркістан – Алматы» бағытындағы «Тальго» жүйрік пойыздары – барша түркістандықтардың мақтанышы. Сонымен қатар, «Түркістан – Қызылорда» және «Түркістан – Шымкент» қалааралық жолаушы пойыздары да әрі-бері қатынаған екі облыс халқының қажетіне жарап тұр.  

Станцияда шоғырланған вагон және локомотив депосы, жол дистанциясы сынды барлық салалық кәсіпорындар теміржол көлігінің қауіпсіз қозғалысы үшін бір-бірімен қоян-қолтық жұмыс жасап, оңтүстіктің ордасына айналып келе жатқан қаланың жаңа келбетін қалыптастыруға өз үлестерін қосуда.     

Жансая СЫДЫҚБАЙ 

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды