Қанағаттанарлық деп баға берді

Аймақтар
19.02.2019, 18:02

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының өткен жылғы атқарылған жұмыстары қандай? Биылғы жылғы жоспарлары жайлы не білеміз? Бұл туралы бөлімшеде өткен кәсіподақ ұйымының конференциясында айтылды.  

Конференцияда Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов 2018 жылы атқарылған іс-шаралар, Ұжымдық шарттың орындалысы жөніндегі кең көлемді баяндама жасады.

– Ұжымдық шарттың орындалуы, еңбек заңдылықтарының сақталуы, еңбек қорғау жұмыстарының ұйымдастырылуы, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағынан қорғалуы басты назарда ұсталды. Оның ішінде үлкен цехтық ұйымдар мен топтық тиіс кадр, есеп, экономика бөлімдері жұмыстары комитет бекіткен жылдық жоспарға сай тыңдалып отырды. Комитет жыл сайын шағын станция, бекеттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары жайлы анықтама-талдау дайындап, орындалысы туралы тиісті орындарға жеткізіп келеді. Өзге кәсіпорындар секілді біздің теміржолшылар да ұжымдық шарттағы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, өтемақылар, демалыс, әлеуметтік кепілдіктердің жеңілдіктері туралы жаңа ұжымдық шарттың нақты бекітілгені жайлы күшіне енгеннен бері жұмысшы-қызметкерлерге таныстырылып, орындалысы қадағалануда, – деді Ә.Тұрмағанбетов баяндамасында. Айтуынша, өткен жылы бірде-бірі теміржолшы жұмыстан қысқартуға ұшырамаған. Кәсіподақ комитеті жұмысшылардың уақытылы еңбек демалысына шығуын, жеке еңбек шартының бұзылмауын, тәртіптік шараның орынды берілуін қадағалап отырады. Жұмысшы-қызметкерлерге қолданылатын тәртіптік шараның заң шеңберінде берілгені қадағаланады.

Бөлімшеде құрылған әлеуметтік мәселелер жөніндегі алқаның шешімімен тек 2018 жылдың өзінде ұжымдық шартта көрсетілген балалы болған 298 адам, туғаны қайтыс болған 63 адам материалдық көмек алыпты. Сондай-ақ, тиісті жұмыс өтіліне сай 53 жұмысшы-қызметкер, 17 зейнеткер, мерекелік жасқа толған 20 жұмысшы, 13 зейнеткер, 726 балаға материалдық көмек берілген. 53 мүгедек баласы бар теміржолшыға жәрдемақы, үйленген 52 жас отбасыға көмек берілген. Материалдық көмек бөлімшенің кәсіподақ ұйымымен бірге теміржолшылар кәсіби одағы Орталық кеңесінен де беріліп келеді.

         2018 жылы 192 бала жазғы лагерьде демалды. Бұл өткен жылдан 70 жолдама артық деген сөз. 2017 жылы 29 жұмысшы шипажайда демалса, 2018 жылы 203 жұмысшы-қызметкер және 36 зейнеткер республиканың әртүрлі шипажайларына жолдама алған.

 – Өткен жылы теміржолшылар жалақысы 10 пайызға өсірілді. Орталық Кеңес теміржолшылар кәсіподағы басшылығы бастауыш ұйымдардың ұсыныс-пікірлерімен санаса отырып, қабылданған жаңа Ұжымдық шарттағы тиісті жеңілдіктерді сақтап қалды. Бір мысал, біздің ұсынымыз бойынша Орталық Кеңес кәсіби одағы тікелей араласуының арқасында соңғы жылдары мекеме жұмысшылары, оның ішінде пойыз құрастырушы, пойыз қараушы, жөндеуші және машинистерге ай сайын ұсталынып келе жатқан 10 пайыздық зейнетақылық жарнасына қосымша 5 пайыз Жүк тасымалы есебінен қосып аударып келеді, – деді баяндамашы.

Өткен жылдың тамыз айында Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына сәйкес кәсіподақ комитеті қорының қаржысы есебінен көпбалалы, аз қамтылған жалғызбасты отбасылардың 11 баласы Алматы қаласына демалып қайтса, желтоқсан айында теміржолшылардың бір топ баласы Астана қаласында өткен Жаңажылдық шыршаға арнайы шақыртумен барған. Өткен жылы Ақтау қаласында өткен Көлік саласы кәсіподақтарының Бірінші Халықаралық әйелдер форумына бөлімшеден 14 делегат қатысып, ұйымдастыру жұмыстарына кәсіподақ ұйымы тікелей атсалысқан.

Баяндамада еңбек қорғау мәселесі баса айтылды. Бұл жолда кәсіподақ ұйымы қоғамдық бақылауды нығайтып, жұмысшылардың қауіпсіздік еңбек жағдайын жасауға, денсаулығын сақтауға және жақсартуға, өндірістік жарақаттарды азайтуға, жазатайым оқиғалардың алдын алуға жұмыстанып жатқанын жеткізді. Денсаулыққа зиянды жұмыс орнында еңбек ететін жұмысшыларға да тиісті қосымша ақылар төленуде.

– Бөлімшеде еңбек қорғау бойынша көрнекі құралдармен, радиостанциялармен, жұмыс орнындарында салқындатқыш, жылытқыш, қысқатолқынды пеш, электр чайниктері секілді жабдықтармен және жеке қорғау құралдарымен, арнайы жұмыс киімдерімен мүмкіндігінше қамтылған. Жұмыс киімінің сапасы мен уақытында жеткізілуін Орталық Кеңес, бөлімше кәсіподақ филиалы үнемі назарда ұстап отыр, – деді кәсіподақ жетекшісі.

Бастауыш мектебі ғана бар №10 бекетте тұратын теміржолшылар балалары үшін алдағы күндері емдеу пунктін ашуды облыстық, аудандық әкімшіліктерге ұсыныспен шығып, орындалуына ықпал ету жайында өтініш тұрақты назарда ұсталынуда екен. Өткен жылы 10-шы бекет үшін жағымды жаңалық, көптен бері шешілмей келе жатқан ұялы байланыс жүйесі пайдалануға берілген. Алдағы уакытта интернет байланысын Ақтау-Транстелеком арқылы шешу ұйымдастырылуда. Сайөтес станциясындағы мектепке қатынайтын балалар үшін ай сайын Ұжымдық шартқа сәйкес жолақысы төленіп келеді.

Болашақ станциясында теміржолшылар үшін салынған 85 екі пәтерлі тұрғын үй мен әрқайсысы 18 адамға лайықталған 14 вахталық үйде бүгінгі таңда 205 отбасы тұрып жатыр. Тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселесін жергілікті әкімшілікпен бірлесіп шешу, банкомат, почта мәселелері, жұмыс күні қатынайтын пойыздың жүру кестесін өзгерту ұсыныстары да әкімшілік, кәсіподақ ұйымының араласуымен оң шешімін тауыпты. Ауыз су мәселесі де күн тәртібінде, жақында 20 үйге интернет желісі тартылған. Жұмысшылардың сумен қамтылуына тоқталар болсақ, бірінші класты станцияларда су мәселесі шешілген. Ал 3, 4, 5 класты станцияларға су «Теміржолсу» мекемесінің көмегімен арнайы цистерналармен тасылып, жеткізілуде.

        Әрдайым зейнеткер-теміржолшыларды әлеуметтік қолдау ұжымдық шартқа сәйкес көрсетілуде. Бөлімшеге қарасты 406 зейнеткер қашан да назарда. Тек өткен жылдың өзінде 54 теміржолшыны құрметті еңбек демалысына салтанатты түрде шығарып салуға кәсіподақ ұйымы мұрындық болды. Жуырда құрылған ардагерлер кеңесі алдағы уақытта кәсіподақ ұйымымен бірлесіп жұмыс жасайтын болады.

Кәсіподақтың жылдық жұмысына төрағаның есепті баяндамасы арқылы қанық болған көпшілік сауалдары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды, бірауыздан кәсіподақ ұйымы жұмысына қанағаттанарлық баға берді.

Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау 


Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды