Атырауда тексеру жұмыстары әдеттегіден ерте басталды

Аймақтар
05.04.2019, 14:27

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде көктемгі комиссиялық тексеру жұмыстары биыл әдеттегіден ерте басталды. 31 наурызда басталған байқау 16 сәуірге дейін жалғаспақ.

Тексеріс барысында қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың, ғимараттардың жай-күйі, байланыс, электр құралдарының, вагондардың жағдайы, темір жолдың қазіргі күйі, сондай-ақ теміршолшылардың білім-біліктілігі, жеке мәселелелері де қаралады. «Комиссия мамандарымен қамтылған тексеріс арнайы локомотив арқылы жүзеге асырылмақ. Ең әуелі Ганюшкино-Д.Нұрпейсова телімі бойынша басталып, Ганюшкино-Исатай, Исатай-Қызылжар телімдері, сонан кейін Махамбет, Атырау, Теңдік, Ақжайық, 496-402 разъезд аралығы, Мақат-Құлсары, Сағыз-Мақат телімдері, телімдердегі жол, сигнализация, энергиямен қамту дистанциялары, вагон, локомотив деполары, т.б. қаралады. Сол жерлерде талқылау жұмыстары да жүргізіледі», – дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Б.Картан.

2018 жыл қорытындысымен аймақта пойыз және маневрлік жұмыстарда өндірістік жарақат алу болмаған. Бөлімшеде пайдаланым көрсеткіштерін орындау бойынша да нәтижелер жақсы деңгейде. Бұған дейін құрылымдық бөлімшелердің өз ішінде көктемгі тексеруге дайындық деңгейі, пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техниикалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі қаралған-ды. Ол тексерулерде байқалғаны, кейбір бұрмалар, шпалдар желінген, рельс шынжырлары, аккумулятор қондырғылары, белгі беру құралдарын қанша күтіп ұстауға тырысқанмен, тозып қалатыны байқалады. Негізінен электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеру, рельс шынжырларының оқшаулану элементтерін тексеру және жөндеу бағытында кемшіліктер бар. Станцияларда вагон қараушылардың, пойыз құрастырушылардың, басқа да жұмысшылардың жұмыс жасауына жарықтың, прожекторлардың болмауы немесе әлсіздігі әсер етеді. Міне, осы және басқа да жұмыстарды арнайы комиссия жарты ай тескеріп, сәуір айының соңында жалпы қорытынды жиналыс өтпек.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды