Іс тетігін дайындық шешеді

Аймақтар
22.05.2019, 14:14

Қызылорда-Семей бағытындағы №22 пойыздың вагонында тырысқақ ауруын «жұқтырған» жолаушы анықталды. «Сырқаттың» жағдайын білген жолсерік дереу пойыз бастығына, олар өз кезегінде алдағы станция диспетчеріне қоңырау шалады...

Жолаушылар қауіпсіздігі үшін өткен профилактикалық шара осылай басталды. Арада санаулы минуттар өткенде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мен күштік құрылымдар теміржол бекетінің басында науқасты күтіп алуға сақадай сай тұрды. Бұл шараға тартылған желілік полиция мен әскерилендірілген күзет қызметі шартты түрдегі сырқат отырған вагон аумағын қоршауға алып, жедел жеткен «жедел жәрдем» қызметкерлері шұғыл іске кірісті. Дәрігерлер вагон ішін және сыртын залалсыздандырып, науқасты дереу ауруханаға алып кетті.

Осылайша оқу-жаттығу жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мамандар мен теміржолшылар кез келген індеттің алдын алуға даярлықтарын тағы бір мәрте пысықтады.

– Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басты міндеті – жолаушы пойыздарында, темір жол бекетінде жолаушылар қауіпсіздігін сақтау, кенеттен кезіккен індет пен сырқатқа уақыт оздырмай көмек көрсету және де оқужаттығу жұмыстары арқылы тосын жайтқа төтеп берудегі дайындық деңгейін көрсету. Себебі, көп жағдайда іс тетігін дайындық шешетінін практикада көріп жүрміз, – дейді Семей бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Марзия Ақшалова. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады