Қыранның қырағылығы қажет: әскерилендірілген темір жол күзеті

Аймақтар
28.05.2019, 16:12

18 мың шақырымға созылып жатқан ұлан-ғайыр Қазақстан темір жолын әскерилендірілген теміржол күзетінсіз көзге елестету мүмкін емес. Күндіз-түні ағылып жатқан жолаушылар пойызы мен жүк вагондарының қауіпсіздігін көздің қарашығындай күзететін кәсіби күзетшілер теміржолда бір ғасыр бұрын құрылған.

«ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалының Түлкібас атқыштар командасын басқаратын Икрам Турсуметов теміржол күзетінің тарихы 1921 жылдан басталатынын айтады. Теміржол бойындағы жүк талан-таражға түскеннен кейін оны қорғау туралы қаулы қабылданып, арнайы қызмет құрылған екен. «Олардың міндетіне тек күзету және жарылғыш, жанғыш заттарды тасымалдауға көмектесу, разрядты және әскери жүктерді тасымалдауға көмектесу кірген. 1938 жылға дейін әскерилендірілген өрт күзеті сауытты пойыздан тұрған. 1948-1964 жылдары бөлімшенің басқарушы құрамы мен жасақтарда кіші лейтенанттан подполковникке дейін шен болды. Жылдар өте келе теміржолдарда жүк ағыны көбейіп, жасақтың жеке құрамы ұлғайып, оңтүстік жасақтың шекарасы ұзарды. 1957 мен 1987 жылдары отрядқа 9 бөлімше кіріп, Түркістан, Арыс, Шеңгелді, Шымкент, Түлкібас, Жамбыл, Қаратау, Луговая станцияларына орналасып, жұмыс істеген. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әскерилендірілген күзетте көптеген қайта құрулар болды. Ал қазіргі таңда «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ болып өз алдына жеке құрылым болып отырған қоғамның бір филиалы – біздің атқыштар командасы», – деді тарихтан сыр шертіп Түлкібас атқыштар командасы- ның басшысы И. Турсуметов.


Түлкібас станциясындағы атқыштар командасы мекемесінің міндеті – тасымалданып жатқан жүк және жолаушы пойыздарын күзету, жүктердің ұрлануына жол бермеу, адам өміріне, денсаулығына зиян келтірмеу, қауіпсіздік ережелері мен талаптарын сақтауға күш салу, т.т.

Төрт ауысыммен жұмыс істейтін команда жігіттері шетінен қиядағыны көзі шалатын қырандай қырағы десек, артық емес. Аға күзетшілер Қалтөреев, Сайрамбаев, Атымтаев, Керімбаев Түлкібастың көпірінде жан-жақты шолып тұрыпақ, қай пойыздың қанша жүкпен келе жатқанын, қай вагонда кінәрат барын біліп тұратындай көрінеді. «Біздің көзімізбен қатар жетінші сезім – түйсігіміз жақсы жұмыс жасауға дағдыланған» деп әзілдейді екен өздері.

– Біздің учаскеміз Түлкібас станциясынан Арысқа дейін жалғасады. Станцияға күндіз-түні келіпкетіп жатқан жүк және жолаушы құрамдарында есеп жоқ. Оның үстіне, қазір Қытайдан, Еуропадан контейнерлер тасымалданып жатыр. Жүк ағынын тездету үшін біз күзетіп үлгеруіміз керек. Түлкібас станция сында былтыр да, биыл да ешқандай төтенше жағдай, қауіпті оқиғалар орын алмады. Кейде күзетшілеріміз Түлкібастан Сарыағашқа дейін өтіп кететін жағдайлар болып тұрады. Ондай кезде біздің жігіттер «жұмыс уақытым бітті, кеттім» демей, соңына дейін күзетіп барады. Күзет қызметінің әрбір сарбазы өзінің жартылай әскери салада еңбек ететінін ешқашан ұмытпауы тиіс. Ас ішуге кетсе де орнына адам қойып кету керек. Әрбір күзетші бұйрықты өз уақытында орындауы, арнайы киімді ұқыпты киіп, таза жүруі керек. Алдын алу шараларының арқасында біздің станцияда адам өміріне зиян тиетін жағдайлар болған емес, болмайды да деп ойлаймын», – дейді И.Ширимбайұлы.

Атқыштар командасының әрбір мүшесі қауіпсіздікке өз үлесін қосуды парыз санайды. Мысалы, ауысымға түскен әрбір күзетші айналаны шолып тұрып теміржол аумағында бөтен көлік, күдікті адамдар жүрсе, өрт шығу немесе басқалай қауіп сезілсе, дереу тиісті орындарға хабарлайды. Соның арқасында талай рет қауіптің алдын алған оқиғалар болған екен. «Қыранның қырағылығы дарыған біздің жігіттердің жанарынан ештеңе де тыс қалмайды» дейді атқыштар командасынынң бастығы Икрам Турсуметов. 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды