Шетпеде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде

Аймақтар
04.06.2019, 13:34

Маңғыстауда Шетпе станциясы мен 14-бекет аралығындағы басты жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Бүгінгі таңда жоспарланған көлемнің шамамен 70 пайызы орындалған. Мұндай жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін пойыздар қозғалысында күндізгі уақытта үзіліс керек. «Толаскез» жарияланған тұста ғана жол шаруашылығы мамандары жөндеу жұмыстарына кірісе алады. Шетпе мен 14-бекет аралығындағы 16 км 661 метр темір жолға күрделі жөндеуді «Темір жол жөндеу» ЖШС-нің Ақтөбе ПМС мекемесі жасауда. Мекеме директоры Сергей Нұрбергеновтің айтуынша, осы жолдың бүгінгі таңда 15 км 240 метр бөлігіне жөндеу жүргізілген.

– Жол жаңартуға қиыршық тас Ақтөбенің Біршоғыр станциясынан алынып жатса, ұзындығы біртұтас 725 метр болатын рельс бунақтары Ақтөбе рельс арқалық зауытынан әкелініп салынуда. Ескі жолдың ағаш бетондары темір бетон түріне ауыстырылып жатыр. Әрине мұның бәрі пойыз қозғалысы жылдамдығын біршама арттыруға септік етері сөзсіз, – дейді Сергей Нұрбергенов.

Салынып болған жолдарды Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясының қызметкерлері қабылдап алуда. Вахталық әдіспен Ақтөбеден қатынап жасайтын мекеме мамандары бұдан кейін Ақтөбе облысының аумағындағы Тамды – Ақкемер және Құдық – Жем арасындағы жолдарға күрделі жөндеу жүргізбек. Жалпы биылдыққа мердігер мекеме осы жолдардың бәрін қосқанда 41 км 396 м жолды толықтай жаңартқалы отыр. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады