Белкөл станциясы: ерекше бекет

Аймақтар
04.06.2019, 15:57

Белкөл станциясы – Қызылорда ЖТ бөлімшесінде орны ерекше бекет. Қала іргесіне жақын орналасқандықтан станцияның жұмысы қауырт. Төрт ауысыммен жұмыс істейтін белкөлдік теміржолшылар үздік ұжым қатарынан. Бекетті өткен жылы жарияланған Станция бастығы жылы байқауының жеңімпаздары қатарынан көрінген үздік басшы Мақсат Жүсіпов басқарады.

Белкөлдік теміржолшылар биыл да межелі міндеттерді мінсіз орындауға білек сыбана кірісіп отыр. Алғашқы нәтижелері көңілге қонымды. Айталық, биыл сәуір айында станциядан 1353 вагонға 75768 тонна жүк тиеліп, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі 1125 вагонға 63000 тонна жүк тиеу көрсеткішінен әлдеқайда басым шықты. Тиелген жүктерді жіктеп таратсақ, онда 80 вагонға 3724 тонна мұнай, 34 вагонға 987 тонналық газ, 31 вагонға 1911 тонна мазут, 3 вагонға 103 тонна көлемінде химиялық сода секілді өндірістік жүктер артылған. Ал төрт ай ішінде атқарылған жұмыстарды сараптайтын болсақ, онда бекет теміржолшыларының адымы алшақ. Мәселен, бекет ұжымы өткен жылы 2458 вагонды 137648 тонна жүкпен толтырып жөнелтсе, биылғы төрт айда 2552 вагонға 143663 тонна жүк тиепті. Ұжымның жүк түсірілімі көрсеткіші де көтеріңкі. Мәселен, сәуір айында 644 вагон – 36064 тонна, ал төрт ай ішінде 1199 вагон 67895 тонна жүктен босатылған. Сонымен қатар статистикалық жүктеме, бір жүк операциясы кезіндегі вагонның бос тұруы сияқты көрсеткіштер де ұтымды орындалған.

Станция қызметкерлерінің жұмысты ұтымды ұйымдастыруы, еңбек тәртібін сақтауы, техникалық сабақтарға толықтай қатысуы бекет басшылығы тарапынан қатаң қадағалауға алынған.

– Станция бастығы ретінде ұжым теміржолшыларының жұмысын бақылап, қадағалау – кәсіби міндетіміз. Теміржолшылар ауысым алдында пысықтау инструктажынан өтеді, қала берді мен және орынбасарларым күндіз және түнде кенеттен жоспарланбаған тексеру өткіземіз. Сәуір айында өткізілген 4 тексеру кезінде 1 ескерту беріліп, тиісті хаттама толтырылды, сол жерде нұсқаулық өткіздік. Бұдан бөлек әр апта сайын қауіпсіздік күні өтеді. Онда тосыннан болуы ықтимал жағдайлардың алдын алу шаралары жасалады. Жалпы мұның барлығы бекет теміржолшыларының амандығы үшін, өндірістік жұмыс тәртібінің сақталуын қадағалау үшін жасалады. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде ПҚҚ-ның бұзылуына жол берілген жоқ, станциялық және кірме жолдарда тосын жағдай орын алған жоқ, – деп жұмыс тынысымен бөлісті Белкөл станциясының бастығы Мақсат Жүсіпов.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды