Темір жол қауіпсіздігі бойынша жаппай тексеру жалғасуда

Аймақтар
12.06.2019, 15:08
Оқуға 2 мин

Теміржолда кез келген мекеменің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы саласының жұмысы ерекше шыдам мен қажыр-қайратты талап етеді. Себебі, осы міндетті мойнына алған мамандар тек теміржолшыларға ғана емес, саладан тыс азаматтармен де жұмыс жүргізеді.

Рейдтер, түсіндіру жұмыстарын өткізу, халықпен кездесу, буклет, брошюралар дайындап тарату, тағы да басқа насихат жұмыстары туралы Нұр-Сұлтан-1 станциясының қауіпсіздік бойынша бас маманы Маржан Айтмағанбетова осы жылдың өткен бес айына шолу жасай отырып айтып берді. Оның айтуынша, биыл осы аралықта аталған станция бойынша темір жолға бөгде адамдардың шығуы мен бөгде заттардың жатуына қарсы жасалған шаралар жоспары бойынша жұмыстар жүргізілген. Атап айтқанда, тоқсан сайын көлік прокуратурасы, желілік тәртіп сақшылары, көліктік бақылау инспекциясының қатысуымен, Үйлестіру кеңесінің отырыстары өткен.

Сонымен қатар жергілікті халық арасында, оқу орындарында 1531 адамның қатысуымен 10 рет кездесу және 151 тұрғынның қатысуымен 8 жиын өтіп, олардың барысында қауіпсіздікті сақтау ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілген. Бұдан бөлек 8 мәрте рейд ұйымдастырылған, соның аясында 3 адам жол жүру ережесін бұзғаны үшін тіркеуге алынған. «Темір жол – аса қауіпті аймақ», «Қауіпті! Темір жол аса қауіпті нысан болып саналады» деген тақырыпта жадынамалар оқу орындарына, халық арасына таратылған.

«Қауіпсіздікті сақтауға арналған шаралар жоспарында темір жол арқылы адам көп өтетін жерлердегі дауысзорайтқыш құралдардың жарамдылығын тексеру жұмыстары да бар. Бұған қоса станцияларда қауіпсіздік бойынша ескерту белгілері, малға арналған қоршаулар, өткел жолдар да тексеріледі. Осындай 5 рет жүргізілген тексеру барысында 1 кемшілік анықталды. Қауіпсіздік шаралары үшін станциялардың, перрондардың, станция алқымдары мен жолаушылар көпірлерінің жарықтандырылуы да өте маңызды. Станцияларға келіп-кететін пойыздар және станция басындағы маневрлік жұмыстар барысында адамдардың аса сақ болуы тұрақты назарда. Біз осы тұрғыда станция аумағында, жолаушылар платформасында, перрондарда қазақ және орыс тілдерінде темір жолда жүру бойынша қауіпсіздік ережелері туралы жазылып, ілініп тұратын плакаттар мен аншлагтардың жаңартылуына мән береміз. Жыл басынан бері «Қызметтік өту жолы», «Пойыздан сақтан!», «Темір жол – қауіпті аймақ», «Азаматтар, қауіпті аймақ – темір жол маңайында өз балаларыңыздың қолынан мықтап ұстаңыздар!», «Пойыз құрастырушы, есіңде болсын, сені отбасың күтіп отыр!» деген тағысын тағы жазулар жазылған плакаттар жаңасына ауыстырылып, 30 ескерту белгісі жаңартылды. Қысқасы, сақтық шаралары кезек күттірмейді, жыл он екі ай жүргізіле береді», – деп атқарылған шаруалар легімен бөлісті қауіпсіздік бойынша бас маман.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды