Маңғыстау локомотив пайдалану депосы: 5 айдын жетістіктері

Аймақтар
17.06.2019, 10:55

Маңғыстау локомотив пайдалану депосы биыл жыл басынан бергі 5 айда қомақты жанар-жағармай үнеміне қол жеткізді. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда 663,112 тонна дизель отыны үнемделген. 

Сонымен қатар депо ұжымы аталған мерзімде қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей, жұмысты жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Негізгі эксплуатациялық көрсеткіштерге тоқталған депо директоры Сәндібай Күзембаевтың айтуынша, жыл басынан бері тасымал көлемі техникалық жоспар бойынша 105,27% орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 86,13%-ды құрады.

– Ал орташа тәуліктік локомотив өнімділігі техникалық жоспармен салыстырғанда 103,33% орындалды, былтырғыға қарағанда 106,37%. Сол сияқты орташа тәуліктік жүріс техникалық жоспардағыдан 103,48%-ға орындалып отыр. Локомотив бригадалары жұмыс режимінің бұзылуына жол берілмеді, – дейді депо бастығы.

Еңбек өнімділігі кадр сапасына тікелей байланысты. Сондықтан техникалық оқыту жағдайы қашан да басты назарда. Бүгінгі таңда депо бойынша 4 оқу класы бар, олар Маңғыстау станциясындағы депода, Өзен, Бейнеу станцияларындағы айналым деполарында және Шетпе станциясындағы ауысым қосындарында орналасқан. Аталған кластардың оқу құралдарымен жабдықталу мәселесі де бақылауда. Олар «Локомотивтер» кафедрасы, М.Тынышпаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникация» академиясы арқылы 2012, 2013 жылдары жасалған оқыту бағдарламалары енгізілген компьютерлермен жабдықталған.

Атап айтқанда, «КЛУБ-У (УП)» 2,0 нұсқасы, «Кран машинисі усл.№395», «Кран машинисі усл.№254», «2ТЭ10М және У тепловоздарының электрлі тізбектеріндегі ақаулықтарды табу және жою», «ТЭ33А магистральді тепловозы ТО-1 техникалық қызметін көрсету және қабылдау», «ТЭ33А тепловозы бойынша оқу құралдары» және т.б.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да қолданыстағы АСУ ЭДТ бағдарламасы, яғни энергия диспетчерлік тартымды автоматты басқару жүйесі арқылы депода машинистің «электронды» бағдары да енгізілген. «Электронды бағдар» локомотив бригадасының негізгі жұмысын реттеп, есебін жүргізеді, мәліметтердің жедел әрі дәйектілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қағазсыз технология пойыз тартымына кететін отын-энергетикалық ресурстардың нақты есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Әр машинистің кабинасында жоғары дәлдіктегі бақылау-өлшеу құрылғылары орнатылған. Бұл жүйе адамның қатысуынсыз дизель отынының нақты шығынын локомотив жұмысы параметрлерімен салыстыра алады, нақтырақ айтқанда, арақашықтық, қозғалыс жылдамдығы, жүк салмағы, жұмыс тәртібі туралы нақты деректер көрсетеді және отын шығынының жалпы нормадан ауытқуы жағдайынан белгі береді.

Бүгінде депода барлығы 264 машинист және 262 машинист көмекшісі еңбек етеді. Олардың дені өз кәсібін жете меңгерген тәжірибелі мамандар. Депо басшылығы әсіресе осы локомотив бригадаларының білімі мен біліктілігін көтеруді – бірінші кезектегі басымдық санайды. Сондықтан белгіленген кестеге сай машинистер мен көмекші машинистер білім жетілдіру курстарына жіберіліп, аттестациядан өтіп, соның нәтижесіне орай біліктілік санаттарын жоғарылатып отырады. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады