Ақмола аймақтың көрсеткіштері көңілден шығады

Аймақтар
19.06.2019, 10:58

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі үстіміздегі жылдың бес айын табысты аяқтады деуге толық негіз бар. Оған төмендегі көрсеткіштер куә.

Бөлімше жүк тасымалына қатысты 16 негізгі эксплуатациялық көрсеткіштің 14-нің жоспарын толығымен орындап шыққан. Айталық, пайдаланымдағы жүк айналымы 103,5 пайыздан асып жығылса, жүк вагоны мен жергілікті вагон айналымы 104,4 және 102,5 пайыздарды құраған. Ал жүк тиелген вагонға шаққанда жүк вагонының бос жүрісінің проценті 104,2%-ке орындалған. Яғни, жүк вагондарының бос жүрісін төмендетуге қол жеткізілген.

Сонымен қатар техникалық, телімдік жылдамдықтар, жүк пойызының орташа салмағы сияқты маңызды көрсеткіштердің орындалуы да ойдағыдай. Ақмолалық қозғалыс шаруашылығы мамандары локомотивтердің де жұмысын ұтымды ұйымдастырып, оң көрсеткіштерге қол жеткізген. Оны әсіресе, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі мен жүрісінен байқауға болады. Бұл екі тапсырманың да орындалуы 102 пайыздан асып отыр. Вагондарға тиелген жүктердің тоннаға шаққандағы жоспары 104,2 пайызды құраса, жүк тиелген вагонның статикалық жүктемесі, жүк вагонының өнімділігі мен жүрісі, 1-техникалық станцияда вагонның тоқтап тұруы сияқты көрсеткіштер де меже үдесінен табылып отыр. Тек жүк вагонының динамикалық жүктемесі мен бір жүк операциясы кезінде вагонның кідіруіне қатысты тапсырма аздап кем орындалып, 99,8 және 99,4 пайыздар шамасын құраған.

Бүгінде бөлімше қызметкерлері осы жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалану көрсеткіштерін табысты нәтижемен аяқтауға барлық қажетті шараны қабылдап, жұмыла жұмыс істеуге кіріскен. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мен еңбек қорғау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Алда астық тасымалы маусымы күтіп тұр. Сондықтан жұмыс көрігі қызатын айлар алда дейді бөлімше мамандары. 


Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады