Ақтөбедегі жол жөндеу жоспарға сай орындалуда

Аймақтар
20.06.2019, 11:13
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Серғали Жайлаубай алғашқы тоқсан қорытындысын баяндап, атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарланған міндеттердің орындалу барысын айтып берді.

Ағымдағы жылы кешенді орындалған сауықтыру жұмыстарының нәтижесі бойынша жол сапасы 73 балл деп бағаланып отыр, өткен жылдан әлдеқайда жақсы көрсеткіш. 2019 жылға белгіленген жоспар бойынша 24,716 км жолға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Ақтөбе рельсарқалық зауытынан шыққан отандық өнімдерді пайдалану көзделіп отыр екен.

– Күрделі жөндеу жұмыстарын шілде айында Ақтөбе және Біршоғыр станцияларынан бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Ауыр жол жөндеу машиналарымен152,4 шақырым жолға жазғы жөндеу жұмыстары жасалды. 70,2 шақырым жолға ПРБ машиналарымен түзету жұмыстары, Атлас машинасымен 30 шақырымға рельстерді тегістеу жұмыстары жүргізілді. РМ машинасының көмегімен 10 шақырымдық жолда қиыршық тастардан тазарту жұмыстарын аяқтадық. Жүрдек пойыздар мен жолаушылар пойызы, контейнерлік пойыз маршруты жүретін негізгі магистральдарға баса назар аударылды, – дейді филиал басшысы Серғали Жайлаубай.

Атқарылған жұмыс технологиясының талапқа сай жүргізілуіне бақылау күшейтіліп, 9,3 шақырым жолға рельс ауыстыру жұмыстарының сапалы атқарылуы басты назарға алынған. «Үйдің сапасы ағашына байланысты» демекші, жолдың жағдайы сапасына байланысты екенін жолшылар жақсы түсінеді.

Жалпы, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшенің бақылауында 2568,9 шақырымға созылған жол бар. Оның 2019,9 шақырымы – басты жолдар. Қалған 760,3 км станциялық және 25,7 км өзге де жолдар құрайды. 2497 бағыттамалы бұрма мен 1407 көпір және 109 өткел жол шаруашылығымен бақыланып отыр.

Қорыта айтқанда, магистральдық желі Орал, Илецк, Никельтау, Ақтөбе, Қандыағаш, Біршоғыр және Шалқар секілді жеті жол дистанциясына қарасты жол шаруашылығын қамтиды. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады