Хромтау тұрғындары вокзалға дейін автобустың жоқтығына шағымданды

Аймақтар
27.06.2019, 14:41
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Тәуелсіздік теміржолы» деген атау алған Хромтау-Алтынсарин теміржол магистралінің халық игілігіне жұмыс істеп жатқанына 15 жыл өтті. Бұрынсоңды пойыз бармаған елді мекенге тартылған теміржол жергілікті халыққа расымен «жаңа өмір» алып келді. Бүгінде аймақта екінің бірі теміржолшы кәсібін меңгеріп, оны негізгі күнкөріс көзіне айналдырып отыр. 

Аслан Хазизхан бүгінде Хромтау станциясының бастығы. 20 жыл бұрын еңбек жолын қарапайым вагоншы болып бастаған оның жастарға айтары бар.

«Жас кезіңде жұмыс талғамау керек! Бұл сенің тек тәжірибе жинайтын уақытың ғана емес, өзіңді көрсетіп алға ұмтылатын кезің. Еңбек етсең, алдымен өзіңе, сосын айналаңа пайдаң тиеді. Ол үшін тау қопарудың қажеті жоқ. Кәсібіне адал болып, міндетті жұмысыңды адал атқарсаң жеткілікті.  Ал біз таңдаған сала үлкен жауапкершілікті талап етеді», – дейді станция басшысы.

Ол теміржол саласына келген 1998 жылы жас маманға берілген алғашқы тапсырма Дөң станциясындағы жүк вагондарын тазалау болыпты. Жұмысы тындырымды, ісіне жауапты жас білімін жетілдіріп, пойыз құрастырушы, диспетчер, станция кезекшісі болып сатылай өскен.

«2004 жылы Дөң станциясы бастығының жүк тасымалы бойынша орынбасары болып тағайындалып, біраз жыл еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтадым. 2013 жылы Хромтау станциясының басшысы болып тағайындалдым. Бізде штат құрамы көп емес, төртінші деңгейлі станция болып табылады. Үш бағытта жұмыс жасайды. Диспетчерлер түгел сауатты тәжірибелі мамандар. Барлығы автоматтандырылған. Вагон тексеретін бес адам бар. Бірақ станцияда жөндеу жұмыстары жасалмайды. Локомотив депосы болмаған соң Никельтау, Әйтеке би станцияларына жібереміз. Тек қауіпсіздікті бақылаймыз. Бұл жерден күнделікті 12 жұп пойыз өтеді. Күнара төрт жолаушы пойызы тоқтайды. Олар «МаңғышлақНұр-Сұлтан», «Орал-Нұр-Сұлтан», «Атырау-Нұр-Сұлтан» пойыздары. «Атырау-Нұр-Сұлтан», «Орал-НұрСұлтан», «Алматы-Орал» бағытындағы Тальго пойыздары тоқтамайды, бірақ үстімізден өтеді. Сондықтан – қауіпсіздік біз үшін бірінші кезектегі басымдық», – дейді Аслан Хазизханұлы.

Хромтаудың қысы бөлек, желді, боранды келеді. Станцияға жолаушылар жете алмай қалып жататын да жағдайлар жиі кездеседі екен. Хромтау қаласы мен вокзалдың арасы 16 шақырым. Қала арасында қатынайтын автобус та жоқ. Жұмысшылардың өзі таксимен келеді немесе жолшыбай кездескен көлікпен қатынайды. Теміржолшыларды қинайтын мәселе осы. Жергілікті әкімдік жыл соңына дейін вокзалға бағытталатын екі автобус жіберуге уәде беріп отыр екен. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады