Қауіпсіздік талаптары толық орындалуда

Аймақтар
08.07.2019, 12:29
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өрт қауіпсіздігі қызметі жұмысын күшейте түскен. Өйткені аймақтағы аптап ыстық кез келген сәтте өрттің бұрқ ете қалу мүмкіндігін арттырып отыр. Сондықтан өрт сөндірушілер «екі шоқып, бір қарауда».

Қызылорда аймақтық өрт қауіпсіздігі қызметі теміржол нысандарында болуы мүмкін өрттің алдын алу жұмыстарын, ескерту, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Ал бөлімше бойынша тораптық станция саналатын Шиелі, Қызылорда, Қазалы және Сексеуіл секілді бекеттердегі өрттің алдын алу жұмыстарын аталған станциялардағы Өртке қарсы қызметі өрт сөндіру пойызы теміржолшылары жүргізіп келеді.

Қызылорда өрт қауіпсіздігі қызметінде қазіргі таңда бар-жоғы үш қызметкер – инспекторлар Асылбек Досанов, Спандияр және қызмет басшысы Жетіскен Жұматовтар қызмет етуде. Аз құрам болса да болуы мүмкін тілсіз жаудың алдын алып жүрген жігіттердің еңбегі ерен. Олар өткен жылы 14892 нысанды тексеруден өткізіп, 890 дана кемшілік тапқан екен, биылғы алты айдың ішінде 1285 нысанмен жылжымалы құрамдардан 462 дана нұқсандық анықталып, хаттамалар толтырылып, мекеме басшыларына 65 ескерту хат жөнелтілген екен. Бұл жайында мекеменің инспекторы Асылбек Досанов мәлімдеді.

– Қызылорда өрт қауіпсіздігі қызметі аймақтағы учаскелік станциялардағы теміржол нысандарында темір жол жылжымалы құрамы, жол, құрылғыларды, ғимараттарды, механизмдер мен қосалқы заттардың жұмысқа дайын күйде ұсталып сақталуын қадағалап, бақылап, сондай-ақ төтенше және техногендік сипаттағы апаттардың салдарын жою (өрт, қауіпті жүктердің теміржол көлігімен тасымалдануы кезінде ағып кетуінің алдын алу, т.т. ), болуы мүмкін өрттің алдын алу жұмыстарын атқарып келеді. Өткен жылы 890 кемшілік табылса, ағымдағы жылдың алты айында біздерге белгіленген учаскелерден 462 кемшілік анықталып, өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары жасалды, тиісті мекеме басшыларына ескерту жөнелтіліп кемшіліктің дер кезінде орнына келтірілуі бақылауға алынды, – дейді мекеме инспекторы Асылбек Досанов.

Теміржол нысандарында болып қалуы мүмкін өрт қауіпсіздігінің алдын алу, төтенше және техногендік сипаттағы апаттардың салдарын жою мақсатында жұмыс жасап келе жатқан Қызылорда өрт қауіпсіздігі қызметі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Еңбек және экология қауіпсіздігі департаменті филиалы ретінде 2017 жылы құрылғаннан бері қарқынды жұмыс жасап келеді екен. Бұл екі жылда анықталған кемшіліктер көрсеткішінің күрт төмен түсуінен-ақ байқалса керек. Яғни, 2018 жылдың алты айында 1482 нысаннан 890 кемшілік анықталған болса, 2019 жылдың алты айында 1285 нысаннан 462 кемшілік анықталып, мекеме басшыларына 65 дана өрт шығу қаупі бар нысандарға кесім толтырылған. Мәселен, анықталған кемшіліктер стационарлық нысандардан – 39, электр желісінен – 15, жолаушылар вагондарынан – 3, теміржол өтпе бөлік жолағынан 7 мәрте кемшіліктің анықталғаны қызмет инспекторларының үздіксіз жұмыс жасауда екенін айғақтаса керек.

– Біздің ұжым инспекциялары өрт және техникалық ұйымдастырушылық іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде объектілер мен жылжымалы құрамдардағы өрт қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған кешенді бағдарламаларды басшылыққа алып, халық қауіпсіздігінің нормативтік деңгейін қамтамасыз етуге және өрттің зиян келтіру қаупінің алдын алуға бағытталған кешенді шараларды жүргізеді. Және де инспекторлары стационарлық объект ұйымдарының қызметкерлерінің өрт-техникалық минимумы бойынша комиссиялық сабақтарының сапалы өткізілуіне қатысып, өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларының күшейтілуіне үлес қосып келеді, – дейді инспектор Асылбек Досанов. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады