Теміржолшылар білім жетілдіру орталықтарында білім деңгейін көтерді

Аймақтар
18.07.2019, 09:32
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аймақ теміржолшыларының жалпы сала бойынша білім-білігін жетілдіру үшін арнайы бағдарламалар түзіліп жолға қойылған. Осы бағдарлама негізінде бөлімшеге қарасты сала мекемелерінің теміржолшылары теориялық білім жетілдіру орындарында болып, білімдерін көтеріп, өндіріске тың серпінмен қосылып отыруы дәстүрге айналған.

Мысалы, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша ағымдағы жылдың алты айында 415 теміржолшы еліміздің салалық білім жетілдіру орталықтарында теориялық және практикалық білім деңгейін көтеріп, шеберліктерін шыңдаған екен. Бұл жайында бөлімшенің кадр бөлімі басшысы Айдана Нұрмашқызы мәлімдеді.

Бөлімше теміржолшыларының білімін жетілдіру соңғы жылдары өте белсенді жүргізілуде. Жұмысшықызметкерлердің елміздегі арнайы орталықтарында болып білім нәрімен сусындап, жаңа технологияларды игеруіне аса көңіл бөлініп отыр. Соның арқасында технологиялық жаңалықтарды игеру де белсенді жүріп жатыр. Биылғы алты айда бөлімше бойынша 415 теміржолшы Ақтөбе, Нұрсұлтан және Тараз қалаларындағы білім жетілдіру орталықтарында білімін жетілдіріп өндіріске оралды, жыл бойы осы үрдіспен жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл Өрт сөндіру пойызы (Норпож) саласынан да бірнеше маман Қызылорда қаласында білім жетілдіру курстарынан өтті, – дейді кадр бөлімінің басшысы Айдана Нұрмашқызы.

Ал бөлімшенің өзінде өткізілетін әртүрлі тақырыптағы семинарлар, күнделікті мамандар тарапынан жүргізілетін техникалық сабақтар, пысықтау инструктаждары, күндізгі және түнгі мезгілде тосын бақылау жұмыстары бар – бәрі айналып келгенде теміржолшылардың кәсіби міндетін мінсіз атқарып, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыруына негізделген. 

Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат