Атырауда көрсеткіштерді үздік орындағаны үшін сыйақы төленді

Аймақтар
19.07.2019, 10:44
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директоры Кайрат Сәуірбаевтың 2019 жылғы 24 маусымдағы №110ГП бұйрығымен Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына сәйкес, салалық жарыс бойынша бекітілген көрсеткіштерді үздік орындағаны үшін сыйақы төленді.

Яғни, бөлімшенің әрбір қызметкеріне деген сыйақы көлемі 15152 теңгені құрады. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша мұндай сыйақыны барлығы 2693 жұмысшы алды. Олардың барлығы – өндіріспен тікелей қатысты, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тасымал тасқынын арттыруға өз үлесін қосқан теміржолшылар. Сыйақының жалпы сомасы 38 млн 629 мың теңгені құрап, бүгінде барлық жұмысшылардың қолына тиді.

Еске сала кетсек, Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылдың бірінші тоқсанында техникалық жоспарға сай барлық 16 көрсеткіш 100 пайыздан аса орындалған болатын. Яғни, пайдаланым жүк айналымы 2317,9 млн.ткмнетто болып, 106,5% құрады. Жүк тиеу көлемі 2414,5 мың тонна болып, орындалуы 101,4% болды. Пайдаланым жүк айналымымен қоса, жүк вагонының айналымы – 102,2, жергілікті вагон айналымы – 102,3, ал жүк вагонының өнімділігі – 104,8%, вагонның орташа тәуліктік жүрісі – 101,8%, вагонның статистикалық салмағы – 101,3%, бір жүк операциясына вагонның тұруы 103% болып, аймақта жүк тасымалы көлемінің осы тоқсанда жоғарылағанын көрсетті. Пойыздың орташа салмағы 3986 тоннабруттоны құрады, яғни, 101,4% болды. Локомотив жүрісі 102,4%, пойыздың учаскелік жылдамдығы – 106,4%, пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы 104,9% болып орындалды.

Міне, еңбектегі осындай жетістігі үшін бөлімше алдыңғы лектен көрініп, теміржолшылар сыйақыға ие болды. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады