Кешенді ревизия қорытындысы

Аймақтар
23.07.2019, 14:11

Маңғыстау ЖТ бөлімшесі – жылдам дамып жатқан бөлімше. Жан-жақты, яғни көлемі жағынан да, өндірісі жағынан да бүгінгі түбек темір жолын осыдан он жыл бұрынғы, ілуде бір пойыз қатынайтын тұйық жолмен салыстыруға да келмейді.

Себебі, Маңғыстау – бүгінде бірнеше бағытта тармақталған, трансконтиненталдық көлік дәліздеріне жол салған тоғыз жолдың торабы. Қазақстанды су көлігімен байланыстыратын Қаспий жағалауындағы қос айлақ – Ақтау мен Құрық теңіз порттары да осы түбекте. Сондықтан Қазақстан темір жолы тарапынан Маңғыстау темір жолына, оның өсіп-өркендеуі мен даму келешегіне ерекше назар аударылады.

Жуырда Маңғыстау ЖТ бөлімшесі бойынша жүргізілген кешенді ревизия да назар аудартып отыр. Оның нәтижелері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі департаменті директоры Жақсылық Жұматаевтың төрағалығымен өткен жиында кеңінен сөз боолды, қорытындысы жан-жақты айтылды.

Селекторлық отырыста ревизия барысында анықталған кемшіліктердің орнын толтыру шараларына желілік деңгейде барлық басшылар мен жұмысшылар тартылды, оларға нақты тапсырмалар берілді.

Тексеру нәтижесінде жетістіктермен қатар бірқатар кем-кетік те мәлім болды. Осы анықталған кемшіліктерге байланысты филиалда осы жылдың 20 шілдесі мен 20 тамызы аралығында «Қозғалыс қауіпсіздігіне ерекше назар» деп аталатын айлық өткізу жоспарланды. Соған байланысты айлық шараны ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына орай 19.07.2019 ж. №309 бұйрық шығарылды.

Айта кетейік, Түбек теміржолында өткен кешенді тексеру комиссиясы құрамында тәжірибелі мамандар болды. Олардың қатарында, мысалы, Қанат Мұсабеков, Аманқос Нәдіров сынды менеджерлер, Батыс өңірі бойынша аймақтық ревизор Ерболат Ахметов, вагон шаруашылығы бойынша ревизорлар Дархан Биманов және Мадихан Есетов болды.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады