Қызылордада ағымдық күтім жоспарға сай

Аймақтар
25.07.2019, 10:35
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясы ұжымы биылғы маусым айында және өткен алты айдың ішінде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өз телімдерінде талап деңгейінде ұйымдастыра білген. Аталған уақыт аралығында пойыз апатына және басқа оқыс оқиғаларға орын бермей, қауіпсіздікті қатаң сақтаған.

Дистанцияның жыл басынан бергі аралықтағы жұмыстары жайлы Қызылорда жол дистанциясы техникалық бөлімінің басшысы Кенже Қойшыбаева ұсынған мәліметке сенсек, жолшылар қауымы маусым айында және жыл басынан бергі алты ай ішінде жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, қауіпсіздіктің бұзылуына жол бермеген. Пойыздардың телімдерде кестеден тыс кідіруі орын алмаған. Дегенмен түрлі себептердің салдарынан дистанция бойынша пойыз машинистерінің өткен жылдың маусым айында 11 рет, биылғы маусымда 4 мәрте жедел тежегіш қолдануы тіркелген.

– Қызылордалық жолшылар жыл басынан бері пойыздардың қауіпсіз қозғалысын сақтау шараларын қатаң сақтап келеді. Жолды күрделі жөндеу жұмысы межеленбегенмен, техникалық талапқа сай бабына келтіріп, ағымдық күтіп ұстау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Өндірістік жұмыс барысында пойыздың құлауы, апатты жағдайлар мен оқыс оқиғаларға орын берілмей қауіпсіздікті сақтау шаралары қатаң сақталуда. Алайда, локомотив машинистерінің жедел тежегіш қолдануы азаяр емес. Осы бағытта ауқымды жұмыстар жасалуда, – деді дистанцияның техникалық бөлімінің басшысы Кенже Қойшыбаева.

Дистанция телімдерінде локомотив машинистерінің жедел тежегіш қолдануы биылғы алты айда 41 рет, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 48 мәрте тіркелген. Биылғы жылы орын алған жағдайларды саралап айтсақ, онда 21 рет иесіз малдың, 20 мәрте бөгде адамның жолға белгіленбеген жерден шығып, оның екі жағдайында адам басу оқиғасы тіркелген екен. Иесіз малдың жолға шығып кетпеуі үшін жолшылар биыл маусымда 1,5 км сым қоршау жөндеген, ал алты айда жоспарланған 12 км орнына 15 км жаңа бағаналар тұрғызып, сым тартып, ескі қоршаулар жөндеуден өткізілген.

Телім жолдарының техникалық талаптарға сай болуы үшін дистанция балансындағы 24 ақаутапқыш арбашамен жоспарға сәйкес маусымда 1709 км негізгі жол, 119 км қабылдау-жөнелту жолдары, 1134 жинақ жол бұрмасы, 2880 дәнекерленген түйіспе тексеруден өтіп, ақаутапқыш арбалардың пайдалану тиімділігі 100 пайызды құраған екен. Алты айда анықталған екі ақаулы рельс ауыстырылған. АЛСН құрылғысының қалыпты жұмысы тұрақты сақталуда. Жол күтімінің 54 бірлікке белгіленген көрсеткіші маусым айында 62 бірлікке орындалған.

Жолдарды ағымдық күтіп-баптау шаралары барысында жол машиналары қолданылған. Мәселен, маусым айында РМ машинасымен 11955 метр жол, Дуомат, ДГС машиналарымен 26 км, ПБР-мен 42 км, ЩОМ7-мен 21,66 км жол бойында жұмыс жасалып, ағымдық күтім шаралары жоспарлы орындалған екен.

Жылжымалық құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтау мақсатында басшылық құрамның жолды жағалап тексеруі жүргізілуде. Темір жол маңында мал бағу, жолдан белгіленген жерден өту ережесіне түсіндіріп, алдын алу жұмыстарын арттыру, әр аптаның жұма күндері сым қоршауларды жөндеуді қамтамасыз ету және жолшылар үшін уақытылы рельс тізбектеріндегі рельс жалғағыштарының түгелдігін ШЧ мамандарымен бірге тексеруден өткізу, айдан айға 2-дәрежелі ақаулардың жойып азайтуға күш салу, материалдық құндылықтарды үнемді пайдалану сынды жұмыстарға басымдық берілуде екен. Әрине, мұның барлығы жолшылардың күнделікті жүргізетін кәсіби жұмысына айналған.

Сонымен қатар теміржол маңына мал жаю ережесімен маусым айында 712 тұрғынға, алты айда 122 мәрте жиналыс өткізіліп, 7256 адамға қауіпсіздік ережелерінен үзінділер таратылып, таныстыру жұмыстары жүргізілген.

Және де биылғы алты айда қызылордалық жолшылар ЖІІб қызметкерлерімен бірге 61 рет рейд өткізген. 54 рет мектептерде болып, 6932 оқушымен түсіндіру-таныстыру жұмыстарын жүргізіп, 113 рет жиын өткізсе, теміржолдан тек белгіленген жерлерден өту ережелерімен 4688 адам таныстырылған. Алайда, жұмыстар тұрақты жүргізілгенмен иесіз малдың теміржолды бойлай жайылып, жолға шығып кетуі тыйылмай тұрғаны байқалады. Дистанция бойынша 17 теміржол өтпесі болса, оның барлығы арнайы күзетіледі екен. Арнайы мамандар тарапынан өтпе кезекшілерімен бірге рейд жасалып, автокөлік иелеріне өтпелерден өту ережелері түсіндірілген. Мәселен, ағымдағы жылдың маусымында 87 мәрте рейд өткізіліп, 712 автожүргізуші, алты айда 240 рейд ұйымдастырылып, 3492 жүргізуші ережемен таныстырылып, жергілікті атқарушы орган мен ЖІІ бөліміне 41 рет хат жөнелтілген.

– Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында тұрғындарға хабарлама ретінде мыналарды айтқым келеді. Теміржол – қауіпті де маңызды аймақ. Ол жерде бей-берекет жүруге, жол бойын жағалай мал бағуға болмайды, аймақта балаларды қараусыз қалдырмау керек. Егін жұмыстары кезінде және ауа температурасының жоғары жағдайында өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлы-экологиялық норма талаптарын қатаң сақтау керек екендігін тағы бір мәрте қайталап айтқанымыз артық емес деп ойлаймын, – дейді Қызылорда жол дистанциясының техникалық бөлімінің басшысы Кенже Қойшыбаева.

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты