Маңғыстау теміржолының басшылары депо ұжымдарымен кездесті

Аймақтар
31.07.2019, 09:03

Маңғыстау теміржолының басшылары вагон және локомотив шаруашылықтары бойынша депо ұжымдарымен кездесіп, қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілу тәртібі туралы жиындар өткізуде. Өндірістің ортасында өткен шара қай жағынан да тиімді болғаны анық.

Маңғыстау ЖТ бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітовтің төрағалығымен өткен вагон пайдалану депосындағы отырыста шаруашылықтың өндірістік-пайдалану қызметінің, биыл 15-19 шілде аралығында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүргізген қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша кешенді ревизия қорытындысы, соның барысында анықталған кемшіліктермен жұмыстар жайы сөз болды. Ол туралы вагон шаруашылығы бойынша ревизор Берік Имашев, депо бастығы Сәрсенбай Есенқұлов, оның орынбасары Майлыбай Камалов және техникалық қызмет көрсету қосынының (ТҚКҚ) бастықтары бейнеулік Нұралы Қылышов, сайөтестік Жаңабай Түйебаев, маңғыстаулық Ерболат Сәулебаев, болашақтық Нұрсұлтан Аяпов, шетпелік Әлібек Шарқатбаев мәліметтер берді.

Жиын барысында әсіресе, жұмысшылардың техникалық білімін көтеруге, олардың өндірістік қызмет пен пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі мәселелерін реттеуге арналған басқару құжаттары талаптарын сақтауы мәселелеріне басымдық берілді. Жиын қорытындысында вагондарға сапалы техникалық қызмет көрсету және жасырын ақаулар мен бөлшектердегі ақауларды анықтау әдістері бойынша бейне материалдар түсіру туралы шешім қабылданды. Персоналдың технологиялық процесті қысқартуына жол бермеу үшін олардың өз міндеттерін сапалы техникалық қызмет көрсету арқылы орындауына күн сайынғы бақылаумен қамтамасыз ету тапсырылды.

Ал Маңғыстау локомотив пайдалану депосында өткен жиын «Қозғалыс қауіпсіздігіне ерекше назар» атты айлық аясындағы кешенді жоспар шараларға сәйкес өткізілді. Тексеру тобы депо бойынша кезекшілер мен жұмыс үлестірушілер орнына барып, отандық өнім ТЭ-33А-0094 (Evolution) сериялы жаңа тепловоздың экипаж бөлігі мен басқару кабинасына көтерілді. Депоның командалық-инструкторлық құрамы, локомотив бригадаларының қатысуымен өткен кеңейтілген жоспарлы отырыста депоның ағымдағы жылдың өткен мерзімі бойынша өндірістікпайдалану қызметінің қорытындысы, жаппай жазғы жол жұмыстары кезінде пойыз-телімдерінің өткізгіштік және кіргізу қабілетін арттыру бойынша жасалған шаралар жайы қозғалды. Локомотив бригадаларының соңғы 5 жылдағы стандарттан тыс жағдайлар бойынша іс-қимылдарына баға беріліп, депоның ағымдағы жағдайын жақсарту жөнінде ұсынымдар жасалды. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады