Вагон қараушы қауіпті ақау тапты

Аймақтар
05.08.2019, 11:45
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бейнеу станциясында қозғалыс қауіпсіздігіне байланысты өткізіліп жатқан айлық барысында жүк пойызын тексеріп жүрген вагон қараушы Сабыржан Көбейсінов күрделі ақау тапты.

Бұл жолы бейнеулік вагон қараушы жез сепараторының сынығын анықтады. Өзбекстан темір жолы меншігіне жататын жүк вагоны бос болған. Ақаулық дөңгелек жұптарының оң жағындағы 2-3 арбашасынан табылды. Нәтижесінде вагон әрі қарайғы пайдаланудан шеттетіліп, жөндеуге ағытылып алынды. Ақауды анықтауда қырағылық танытқан вагон қараушы Сабыржан Көбейсінов теміржолда 2005 жылдан бері еңбек етіп келеді, өте тәжірибелі.

Маңғыстау вагон пайдалану депосының директоры Сәрсенбай Есенқұловтың айтуынша, ақау тапқан вагон қараушы 2017 жылы да жүк вагонынан өте қауіпті ақау тауып, өз ісінің білгірі екенін танытқан екен. Ол кезде салқын күйде тұрған шанақтың 15 мм жылжып кеткендігін байқаған болатын. Сол кезде ол көрсеткен кәсіби қызметіне сай «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісіне ие болған. Төл мереке қарсаңында қауіпті ақауды анықтау арқылы апаттың алдын алған қызметкерлерін депо ұжымы мақтан тұтатынын да жасырмады.

Бейнеу техникалық қызмет көрсету қосынының бастығы Нұралы Қылышовтың айтуынша, аталған ақауды станция-да бақылау қосындарында тұрған КТСМ-02 қондырғысы анықтамаған.

– Бұл қондырғы темір жол бойында орнатылған, ол жүріп келе жатқанда букстың қызуы арқылы ақауды анықтайды. Бірақ әлгі ақаулы пойыз сол жерден өткенде букс қызбаған. Техниканың аты техника ғой. Өзбекстаннан келе жатқан жүк пойызы станцияға 29 шілдеде сағат 17.10 келіп тоқтағасын вагон қараушылар техникалық тексеруге кіріскен. Олар қолдарындағы бақылау балғаларымен буксты ұрып қарайды. Сонда 2 дыбыс шықса, бір нәрсе дұрыс емес деген сөз. Сөйтіп Сабыржан екі дыбыс шыққасын буксты ашып қараса, ішінде сепаратор сынған екен. Сепаратор деген мойынтіректі ұстап тұрады, ол сынғасын мойынтіректер бір жерге жиналып қалады да, содан дөңгелек айналған сайын букс мойыны желіне береді, ол сынса, вагон жолдан шығады, – дейді қосын бастығы.

Жалпы бұл қосында барлығы 178 адам еңбек етеді. Биыл жыл басталғалы қосынның вагон қараушылары осымен 15 ақау тауып тұрса, соның ішінде дәл осы сепаратор бойынша 9-шы ақау анықталып отыр екен. Нұралы Қылышовтың айтуынша, атақ пен абыройға қажырлы еңбектерімен жететін бейнеулік вагон қараушылардың арасынан биылғы төл мерекеде 3 адам «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен, 1 адам компания атынан Алғыс хатпен, тағы 1 адам «Кәсібі бойынша үздік» белгісімен марапатталмақ. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады