Машинист болу оңай ма?

Аймақтар
08.08.2019, 11:11
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда локомотив пайдалану депосы басшылығының келісімімен бүгін тепловоз машинисінің жанында көмекші ретінде сапар шекпекпін. Әрине, аздап жүрексіну, қорқыныш та жоқ емес. Өйткені, теміржол көлігінде ең жауапты мамандық машинист екені белгілі.

Ақтөбе-Алматы бағытындағы №34 жолаушылар пойызын Шиелі станциясына дейін жеткізуге нұсқау алған локомотив бригадасы машинист-нұсқаушы Дастан Сарабековтің рейс алды пысықтау инструктажынан өттік. Нұсқаушы бүгінгі рейстің ерекшелігін, ауа-райының ыстықтығын, секундына 15-20 метрге дейін желдің ұйытқу қатері бар екенін, оның бағытын және өзге де жағдайларды екшелеп, ең бастысы рейс барысында адам өмірі мен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қатаң сақтауды тапсырып, тепловозды қабылдауға мұрсат берді.

Қызылорда локомотив пайдалану депосының дәрігерлік пунктінен тексеруден өттік, қан қысымы, жүрек дүрсілі, өзге де толып жатқан өлшемдер қалыпты жағдайда, демек бүгінгі рейске дәрігер рұқсаты дайын. Тепловозға келіп ТУ-152 борт жорналындағы техникалық жағдайымен, оның ішінде ходовой бөлігін жеке тексеруден өткізіп, машинист Азамат Азаматовпен бірге тепловоз дизелінің барлық бүге-шүгесіне дейін қарап шығып, көліктің техникалық жағдайының талапқа сай екеніне көз жеткізіп, тепловозды вагондар құрамына тіркеп жолға шықтық.

Станциялық жолдан шыққан бойы сағатына 25 шақырымға дейінгі жылдамдықтан 50-60 шқ/сағатқа жеткенде құрам перегонға шыққан соң пневматикалық тежегішті тексердік. Тежегіш толық жүмыс жасап тұр. Мұнан кейін электропневматикалық тежегіш тексерілді... Әр станцияға жақындағанда станция кезекшілерімен кіріс бағдаршамының сары түсті, шығыс бағдаршамның жабық екені баяндалып, әр перегонда бекітілген жылдамдық қатаң ұсталып отырды.

Жолшыбай ешбір тосын жағдайсыз Шиелі станциясына келіп тоқтадық. Бір қарағанда, қорқынышты болып көрінетін тепловозға бой үйретіп, машинистермен қимай қоштастым. Өйткені, депо басшысының бұйрығы бойынша әрі қарай рұқсат жоқ. Машинист болу, әрине, тіпті де оңай емес, оның атан түйеге жүк болар жауапкершілігі бәрінен ауыр. Бірақ, сонымен қатар туған жердің бүкіл тау-тасы мен өзен-көлі, сексеуілді-жусанды жазира даласын көз алдыңнан өткізіп, ерекше әсерге бөлейтін, қанат бітіретін романтикаға толы мамандық. Егер журналист болмағанда мен сөзсіз машинист болар едім деп ой түйдім. 

Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат