Өнімді еңбек шарты

Аймақтар
15.08.2019, 10:20
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Әр күн, апта, ай, тоқсан, жыл есебін шығарып отыру – темір жол саласында өнімді еңбек етуге әкелетін басты шарт. Сондықтан темір жол саласында басшылар тексерулер алдындағы есеп беру жиындарын жиі өткізіп отырады. Кезекті жиын Маңғыстау ЖТ жол бөлімшесінде өткізілді.

Филиал директоры Нәжімеден Ғұбашевтің басқаруымен өткен селекторлық жиын түбекте жыл басынан бергі 7 айдағы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне арналды. Оған станциялар мен вагон және локомотив деполарының басшылары қатысты.

Аталған кезеңде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі назар, әрине жұмысшылардың өз қызметтік міндеттемелерін сапалы орындауына аударылды. Бұл әсіресе, пойыздарды өткізу мен жөнелту технологиясын сақтау, маневрлік жұмыстарды жүргізу, станция ТТА-не сәйкес нормалар мен ережелер бойынша жылжымалы құрамды бекіту, пойыздық және маневрлік қозғалыстар кезіндегі қызметтік келіссөздер тәртібі, еңбек режимі мен локомотив бригадаларының демалысын сақтау, таспаны оқу, депоның командалық-инструкторлық құрамының жұмысы, пойыздар мен вагондар құрамына техникалық қызмет көрсету талаптарын сақтау туралы болды.

Филиал директоры «Қозғалыс қауіпсіздігіне ерекше назар» атты айлық кезінде персоналды оқыту бойынша тапсырманың орындалуына ерекше мән берді. Сондай-ақ, стандартты емес жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге, станциялар бастықтарының өз жоспарын сапалы орындауы, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша вагон және локомотив деполары басшыларының нормативтерді мүлтіксіз атқаруы, сапалы жөндеу жүргізу, жылжымалы құрам мен техникалық құралдарды пайдалану мен қызмет көрсету, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі жағдайлары сөз болды. Аталған селекторда желілік кәсіпорындар басшыларына жоғары талаптар қойылды, тапсырмалар орындалмаған жағдайда ең қатал деген шаралар қолданылатыны ескертілді.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды