Шетпе станциясы: регламентке сай

Аймақтар
19.08.2019, 12:06
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында жұмыс бабымен айлық тексеруге шыққан Маңғыстау ЖТ бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов Шетпе станциясына локомотивпен жетіп, жолай бірнеше бекеттердің де жұмысына шолу жүргізді.

Машинистермен бірге таңертең ерте шығып, жолда Тамақ, 14, 15, 16 бекеттерге де аялдаған орынбасардың айтуынша, әріптестері өз жұмыстарын арнайы регламентке сай толығымен дұрыс атқарып отыр. Сонымен қатар локомотив кабинасында машинист пен станция кезекшісі арасындағы өзара байланыс регламенті де талапқа сай. Бұл орайда олар «Пойыздық жұмыстар кезінде локомотив бригадаларының сөйлесу регламенті» құжатын негізге алады.

Түске таяу Шетпе станциясына барған Ерлан Бүркітов инфрақұрылымдық нысандардың, жолдардың, бұрмалардың жағдайына назар аударды. Аға электр механиктер, телім бастықтары орынбасарларының жұмыс жасаудағы біліктілік деңгейі тексерілді. Сонымен қатар техникалық қызмет көрсетуге қатысы бар адамдардың біліміне назар аударылған.

– Комиссиялық айлық тексеру норматив бойынша тоқсан сайын бір рет өткізілу керек. Өткен айда Бейнеу станциясында өткізілсе, кесте бойынша тамыз айында бұл жолғы кезек Шетпеге келді. Станция бастығы, вагон депосы, локомотив депосының қызметкерлері, т.б. басын қосқан үлкен жиын өткіздік, кемшіліктерді атап өтіп, олардың шешу жолдарын қарастырдық. Маневрлік жұмыстар кезіндегі апаттар, жолдан шығулар бойынша фильм көрсеттік, білмегенін үйреттік, бүгінгі таңда бөлек-бөлек жүргізіліп жатқан үш айлық туралы мәлімдедік, осының бәрі оларға бір жағы техникалық сабақ болды, – дейді Ерлан Бүркітов.

Еске сала кетсек, бұл бөлімше бойынша жарияланған. 20 шілде мен 20 тамыз аралығында өткізіліп жатқан «Қозғалыс қауіпсіздігіне ерекше көңіл» атты айлық. Екіншісі – 5 тамыз – 5 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған «Локомотив бригадалары мен станция кезекшісі арасындағы сөйлесулердің регламентін сақтау» деп аталатын айлық. Үшіншісі – дәл осы аралықта жарияланған «Есте сақта, тежегіш табандық – қатаң есепке алынатын инвентарь» деген айлық.

Техникалық сабақтан соң бөлімше өкілі Шетпе станциясындағы кезекшілер, пойыз құрастырушылар және сол күнгі локомотив бригадалары жұмысына аяқасты тексеру жүргізген. Маневрлік жұмыстар кезінде шетпеліктер өз қызметтік міндеттерін сауатты орындаған. ШЧ мекемесінің ЛАЗ бөлімінде станция кезекшісі мен машинистер және пойыз құрастырушылар арасындағы сөйлесулер жазылып қалатын «Гранит» құрылғысы тыңдалған, бұл құрылғыдағы жазба 2-3 айға дейін сақталады. Сол құрылғы жазбалары тыңдалып, станция қызметкерлерінің жұмыстарына да баға берілді. Кемшіліктері ескерілді. Осындай кешенді тексеру жұмыстарынан соң Ерлан Бүркітов шетпеліктердің жұмысы барлық регламенттерге сай жүзеге асырылып жатыр деп баға берді. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады