Қандыағаш вокзалы - жолаушы қауіпсіздігі үшін

Аймақтар
29.08.2019, 09:29
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Батыс өңіріндегі ірі тораптық станция Қандыағаш вокзалы – тәулігіне 22-24 жұп пойыз өткізіп отырған Ақтөбе теміржолының ең үлкен теміржол бекеті. 

Қандыағаш теміржол вокзалында жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Көлікке арналған тұрақтан бастап, ана мен бала және мүгедектерге арналған бөлмелер бар.

1998 жылы қолданысқа берілген вокзал екінші класты. Екі қабатты ғимаратқа 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Вокзал бастығы, кезекшілер мен кассирлер, анықтама, диктор, тағы басқа жұмысшылары бар, барлығы 39 адам жолаушылар қызметіне жұмылған. Вокзалдың мүмкіндігі зор. Мүмкіндігі шектеулі жандар вокзал есігін аттағаннан бастап маман қызметіне жүгіне алады. Жолаушы кіреберістегі тетікті басқан бойда вокзал қызметкерлері көмекке келеді. Билет алудан бастап пойызға мінгізіп жіберуге дейінгі қызметке жүгіне алады. Оларға мүгедектерге арналған арнайы бөлмеде демалуға жағдай жасалған. Мұндай топтағы адамдар вокзал көмегіне жиі жүгінеді.

Қырық мыңнан аса тұрғыны бар аудан халқы Мәскеу, Астана, Алматы, Маңғышлақ бағыттарына тікелей қатынап отыр. Бірнеше бағытқа жол тарайтын үлкен станцияда жолаушы көп. Халық саны да жыл санап артып келеді. «Жолаушылар пойызы бұл станцияда 25-30 минутқа дейін кідіріп, вагондарға су толтырып алады, локомотивтер ауысады. Теміржол күзеті қызметі мен желілік полиция бөлімшесінің мамандары қауіпсіздікке жауап береді. Олар әрбір пойызды күтіп, шығарып салады. Пойыз тоқтаған кезде бәрі де перронда болады. Күту залында да тәртіп сақталған, сондықтан тоғыз жолдың торабы болса да біздің вокзал қауіпсіз, жайлы деп айта аламын», – дейді Қандыағаш вокзалының басшысы Жанна Иманова.

Оған қосымша, вокзалда қауіпсіздікті бақылау үшін орнатылған 20 бейнебақылау камерасы бар екен. Оның жетеуі іште. Қалған 12 камера вокзал айналасындағы қозғалысты түсіріп тұрады.

Қайтарда біз мінген «Маңғыстау- Нұр-Сұлтан» бағытындағы пойыз бастығы Атшыбай Нұрабаев жаз бойы пойызда жолаушылар жүз пайыз болғанын айт-ты. «Қазір де, мысалы, шамамен 500-600 адам келе жатыр. Жолаушы түскен орынға сол станциядан билет сатылып кетіп жатыр», – дейді пойыз бастығы.   

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды