Өртке қарсы қызмет: жаман айтпай жақсы жоқ

Аймақтар
29.08.2019, 14:21
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол торабындағы маңызды саланың бірі – өртке қарсы қызмет. Қандай да бір оқыс жағдай орын алып, аяқ асты өрт бұрқ ете қалса, соғысқа аттанған сарбаздардай тілсіз жауды ауыздықтауға алдымен аттанатындар – осы өртке қарсы қызмет жасақтары.

Бүгінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі Атырау жасағының жағдайы жаман емес. Жалпы, өртке қарсы қызмет міндеті – Компания және еншілес мекемелердің нысандары мен жылжымалы құрамдарында өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарының сақталуын қадағалау, темір жол мекемелерінде, жылжымалы құрамдарында, жол жиегінде орын алған өртті сөндіру, апаттық және төтенше жағдайлар орын алған кезде қалалық, облыстық өрт сөндіру бөлімдерімен бірігіп жұмыс жасау, көмек көрсету. Бүгінде Атырау аумағында 3 өртке қарсы пойызы қызмет атқарады. Олар – Ганюшкино, Мақат және Атырау станцияларында. Одан басқа теміржол кешендерін, барлық учаскелерді тексеретін учаскелік инспекторлар бар. Жасақ бастығы Мақсат Мырзабаевтың айтуынша, жасақ жағдайы соңғы жылдары жақсара түскен.

– Ең алдымен жасаққа арналған жеке ғимарат бой көтерді, оның іші барлық техникалық-материалдық жағынан жабдықталған. Ғимараттың бірінші қабатында өрт сөндіру командасы, екінші қабатында жасақ орналасып, барлық эпикировка мен өрт сөндіру құралдары, техникалары да сонда топтастырылған. Өрт сөндіруге қажетті сегіз мотопомпа алуға қол жетті. Соның арқасында қазір Мақат, Ақжайық өрт сөндіру пойызында өрт техникасы 100 пайызға жаңарды. Ганюшкино мен Бейнеуге де бір-бірден жаңа мотопомпа тапсырылды. Барлық өрт сөндіру пойыздарына ұйымдастыру техникасы түрлері алынды. Компьютерлер барлық өрт сөндіру пойыздарына алынып берілді, қазір бәрінде жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ ксерокс, факс, теледидар алынды. Ең бастысы өрт, апатты оқиғалар орын алғанда болған жағдайды уақытында суретке түсіріп, оқиғаның материалдарын тіркеуге арналған сандық фотоаппарат алынды. Яғни, бүгінгі таңда өрт сөндіру пойыздары барлық қажетті техникамен толықтай жарақтандырылып отыр, – дейді ол.

Атырау жасағының қызмет көрсету аумағы 845,8 шақырымды құрайды. Ол Д.Нұрпейісова бекетіАтырау, Атырау-Ақжайық, АтырауСағыз, Мақат-Құлсары станциялары аралығы, Құлсары-Бейнеу станциялары аралығын қамтиды.

Өртке қарсы қызмет жасағы құрамында 56 адам қызмет етеді, ал өрт сөндіру пойыздары ірі темір жол станцияларына және өрт қауіптілігі жоғары аймақтарға орналастырылған. Мақат өрт сөндіру пойызы, мысалы, Мақат станциясында орналасқан.

Өрт сөндіру пойыздарында 2 су сақтағыш қазан бар, әр қазанда 50 тоннадан 100 тонна су бар, 2 стационарлық ММ-27/100 маркалы мотопомпаларынан, 1 Хонда маркалы электростанциясынан, 1 тасымалды мотопомпасынан өрт жеңдері 1700 метр, 5 тонна көбіктендіргіш және өрт автокөлігінің көлік жайымен, вагонсорғымен жабдықталған. Ағымдағы жылдың 1-жарты жылдығында Сағыз станциясында жүк пойызы құрамындағы жабық вагонға тиелген ағаш көмірінің өртену оқиғасы тіркелген болатын. Мақат өрт сөндіру пойызы, Сағыз станциясындағы темір жол мекемелерінің ерікті өрт құрылымдары күштерінің бірігіп, жедел іс-әрекеттерінің арқасында, өрт сөндіріліп, пойыз қозғалысына кедергі келтірілген жоқ.

Жеке құраммен де жұмыс ұдайы жүргізіліп тұрады, аумаққа қарасты мекемелер кестеге сай тексеріледі. Мысалы, өткен мерзімде 383 нысан тексеріліп, 904 өрт қауіпсіздігі ережесі талаптары кемшіліктері анықталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 4,7% азайған, ал өрт шығу қаупі бар 106 нысанның жұмысын тоқтатуға ескерту парағы берілген. 2273 локомотив тексеріліп, оның 1176да өрт қауіпсіздігі кемшіліктері анықталған, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 68,3% азайған.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі аумағында 2 жүк пойызы құрамындағы қауіпті жүк тиелген вагондарда жүктің ағуы Ақжайық және Мақат станцияларында тіркеліп, апаттық жағдай уақытылы жойылған. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді