Маңғыстауда жүк тиеуді жетілдірмек

Аймақтар
21.09.2019, 22:02

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде сегіз айдың қорытындысы бойынша жүк айналымы – 104 пайызға, статистикалық жүктеме – 103 пайызға, локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі – 102.7 пайызға, техникалық жылдамдық – 100.7 пайызға, локомотив өнімділігі 100.8 пайызға орындалды.

Жүк тиеу көрсеткіші жүз пайызға жете алмай қалған, яғни 99.4 пайызды құраған. Сол себепті Маңғыстау филиалы жүк тиеу мен жөнелту бағытында жұмысты ширатып отыр. Жуырда Бейнеу локомотив айналым депосында сегіз айдың қорытындысы бойынша өткен кезекті тораптық жиында осы мәселе жан-жақты қаралып, кейбіртұстар талқыға салынды. Жиын Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов, Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Маңғыстау телімі бойынша бас инженері Болат Дүйсәлиевтің қатысуымен өтті. Ерлан Бүркітов көрсеткіштерді арттырып, қызметті сапалы орындауға қажетті алғышарттарды атап, оны ұйымдастыру жолдары жөнінде айтса, Болат Дүйсәлиев қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті шараларды шегеледі.

Жалпы жиналыста біраз мәселе қамтылды. Маңғыстау жүк тасымалы филиалында жүзеге асырылып жатқан жоспарлар сөз болды. Мекеме басшыларының жұмысы сұралып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондайақ, Рамиль Құттымұратов, Сәрсенбай Есенқұлов, Әлібай Жауынбаев, Сәндібай Күзенбаев, Оралбай Абдашов өздеріне тиесілі жұмыстарға қатысты есеп берді.

− Қазір біз жүк тиеуді арттыру бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын түзіп, сол бойынша жұмыс жасаудамыз. Басты бағыт – филиалдың жедел қызметі мен эксплуатациялық жұмыстарды жақсарту және оның ішінде вагон мен локомотивті дұрыс пайдалану, жанар-жағармай үнемдеу, жүк тиеу мен түсіру сынды жұмыстар көрсеткішін жақсарту болмақ. Екіншісі – жаңа техника мен техналогияны пайдалана отырып жұмысты жетілдіру. Барлық мүмкіндікті тиімді пайдалану және эксплуатациялық шығындарын азайту. Үшіншісі – пойыздардың ағымдағы қауіпсіз қозғалыс жағдайын жақсарту. Төртіншісі – жұмыс күшінің әлеуметтік тұрақтылығы. Міне, бүгінгі күні компаниядағы негізгі бағыттар осы, – деді бөлімше директорының орынбасары.

Сонымен қатар тораптық жиында жүк жүктеу бойынша клиенттермен жүзеге асырылатын, астық терминалдарымен, жаңа жүйелермен жұмыстар сараланып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, онда жіберілетін кемшіліктер мен басты назарды қайда бағыттау керектігі туралы сөз қозғалды. АСУ ДКР, АСУ, логистика бөлімі, мониторинг, ақпараттық қолдау, көлемді жүктерді өткізу, өткен айлықтар нәтижесі, күзгі комиссиялық бақылау, толаскездер, жолдағы күрделі жөндеу, контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыру, 18 қыркүйекке жоспарланған контейнер санағы – бәрі-бәрі сарапқа салынды.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады