Кейінге қалдыруды уақыт көтермейді

Аймақтар
31.10.2019, 21:55
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Алматы облысы Шамалған станциясында орын алған апат талайға сабақ болғаны анық. Ал теміржолшылар үшін бұл бұрыннан айтылып келе жатқан, таптаурын мәселе екені де жасырын емес. Осыған орай, қазіргі таңда еліміздегі барлық теміржол өткелдерін тексеру қолға алынып, олардың жұмысын күшейту тапсырылды.

Осыған орай, өткен аптада Шымкент жол бөлімшесінде теміржол саласының мамандары және жергілікті атқарушы билік өкілдері, ІІД органдары, көлік прокуратурасы, көліктерді бақылау инспекциясы қатысқан көшпелі жиын болып өтті.

Кеңеске жиналғандар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б.Камалиевтің Ақсеңгір-Шамалған өткелінде болған жол апатына байланысты хаттамалық шешімін орындау барысын талқылады. Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Оңалов, Жүк тасымалы бөлімшесінің (НОДГП-9) бас инженері Әбілқасым Айдаров, НЖС-9 бас инженері М.Битеміров кеңеске қатысушыларға бірлескен көшпелі жиынды екі кезеңнен өткізуді ұсынды.

Алдымен бірінші кезеңде Шымкент қаласы бойынша өткелдер мен қатерлі учаскелерге тексеру жүргізілсе, екінші кезеңде облыс бойынша жүргізуді ұйғарды. Жергілікті билік пен құзырлы органдардың өкілінен құралған жұмыс тобы теміржол мамандарымен бірлесіп, өткелдер мен учаскелерді тексеріп шықты. Нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша комиссиялық тексеруде Шымкент-ҚызылсайМанкент учаскелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жолағы бар автокөліктер өтетін 5 жол мен 10 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын салу қажеттігін анықтады. Аталған телімдер өте қауіпті деп танылған. Себебі, дәл осы жерлерде адам басу мен пойыздардың шұғыл тежеу оқиғалары жиі тіркелген.

Оның ішінде екі өткелде көлік кептелісі өте көп болғандықтан жаяу жүргіншілер жолағы бар жолды кешіктірмей салуды уақыт талап етіп отыр. Олар: 3294 шақырымдағы Шымкент-Қызылсай өткеліндегі 8 пикетте орналасқан 1 санатты өткел мен Шымкент-Қызылсай өткелінің 9 пикеттегі 3301 шақырымдағы 2 санатты өткелі. Осы аталған екі өткелге (3294 км ПК8, 3301км ПК9) жол құрылысы бітпей жатып, Жедел басқару орталығының бейнекамерасы мен өтуге тыйым салынғаны туралы жол белгілерін, 3301 км ПК 10 өткелін кеңейтуді кейінге қалдыруға болмайтыны және осы аймақтарда өткелдерді қоршау мәселесі де сөз болды. Сондай-ақ, 3294 км 9 пикет пен 3301 км 8 пикеттегі өткелдердің қарбалас кезіндегі ереже бұзушылықтың алдын алу үшін жол полициясының жұмысын күшейтуді жалғастыру керектігі де айтылды.

Сонымен жұмыс тобы бірлесе отырып, төмендегідей шешімдер шығарды. НЖС-9 Шымкент қаласы әкімдігіне Жедел бақылау орталығының мәліметтері бар бейнекамера орнатуын, өткелдерден өтуге тыйым салатын жол белгілерін орнатуды, автожолдарға жол белгілерін салуды, 3301 км ПК 10 өткелін кеңейтуді, өткелдерге жол полициясының уақытша бекеттерін орнату жөнінде акт қабылдады. ПЧ-53 бекітілген тәртіппен 2020-2021 жылғы инвестициялық бюджеттен қоршаулар сатып алуды ұйғарды. Қорыта айтқанда, комиссия тобы бірауыздан шешім қабылдап, Шымкент-Қызылсай-Манкент учаскесіне жаяу жүргіншілер жолағы бар 5 автожол мен 10 жаяу жүргіншілер көпірін салу құрылысына бюджеттен қаржы бөлуді қарастыру жөнінде Шымкент қаласының әкіміне хат жолдады. Себебі, бұл – кейінге қалдыруды уақыт көтермейтін жобалар.   

Жолаушылар тасымалы
04.07.2026
Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Атырау теміржол вокзалын жаңғырту жұмысын жеделдетуді тапсырды
Жаңалықтар
04.07.2026
Ақтау портында орамды болатты ауыстырып тиеу қайта жанданды
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ басшысы мен Маңғыстау облысының әкімі Ақтау вокзалындағы жөндеу жұмыстарымен танысты
Жаңалықтар
04.07.2026
Талғат Алдыбергенов Маңғыстау облысындағы теміржол нысандарын аралады
Жаңалықтар
03.07.2026
Пойызда рейд ұйымдастырылды
Жолаушылар тасымалы
03.07.2026
Пойыз жолсерігі қандай міндеттерді атқарады?
Жаңалықтар
03.07.2026
ҚТЖ да 1000-нан астам тәлімгер кәсіби тәжірибесін жас мамандарға тапсырады
Жаңалықтар
03.07.2026
17 мыңнан астам теміржолшы біліктілігін арттырды
Жаңалықтар
03.07.2026
Мақсат – іскерлік этиканы нығайту
Жаңалықтар
03.07.2026
«Кедентранссервис» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ҚТЖ келбеті
03.07.2026
Үздіктер анықталды
Аймақтар
03.07.2026
Болашақтың игі бастамасы
Сұхбат
03.07.2026
«Integra Construction KZ» – жол құрылысының көшбасшысы
Аймақтар
03.07.2026
Жамбыл жырларын жатқа оқыды
Аймақтар
03.07.2026
Теміржолға адал перзент өсірген әкеге алғыс
Жаңалықтар / Мұрағат
03.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №51 03 шілде 2026 жыл
Аймақтар
02.07.2026
Атырауда теміржол техникасын сынақтан өткізетін тәуелсіз орталық ашылды
Жолаушылар тасымалы
02.07.2026
ҚТЖ пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
Аймақтар
02.07.2026
Жаңа вокзал. Атыраулық теміржолшы жаңа вокзалдың ашылуына өлең арнады