Вагондар кідірісі азайған

Аймақтар
11.11.2019, 22:43

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында Балқаш станциясынан жоспарлы 7250 вагонның орнына 12160 вагонға жүк тиеліп, 167,7% межені бағындырған. Тоннаға шаққандағы көрсеткіш 218723 бірлікке артық орындалып, 173,2 % құраған.

Статистикалық жүктеменің де шамадан тыс орындалғаны байқалады. Ал, жүк тиелімінің вагонға шаққандағы көрсеткішінің өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2640 вагонға, 167656 тоннаға аз болып отыр екен. Мұны станция қызметкерлері күкірт қышқылы цехындағы пештің жөндеуге жабылуына байланысты жүк тиелімінің азайғанымен түсіндіріп отыр.

Жүк түсіріліміне келсек, жоспардың орындалуы биыл 103% құраса, өткен жылмен салыстырғанда 111% асып жығылған. Яғни, жыл басынан бергі тоғыз ай ішінде 68451 вагоннан жүк түсірілген. Көтеріңкі көрсеткіштерді жүк операцияларына вагондарды бергенге дейін жұмыссыз тұрған уақытынан, жүк операциялары кезінде және жөнелтуді күтіп тұрған уақыттарынан да көруге болады. Бұл жерде атап өтерлігі – уақыт көрсеткіштерінің едәуір қысқартылуы. Айталық, жергілікті вагонның кідірісі 8,14 сағатқа қысқарып, тапсырма 141% орындалған. Өткен жылмен салыстырғанда да бұл көрсеткіштің орындалуы 124% құраған. Жүк операциясы кезінде де вагонның тоқтап тұруы 8,53 сағатқа қысқарып, жоспар 144% орындалған.

Өңделмейтін транзиттік вагонның және өңдеуді қажет еткен транзиттік вагонның да аялдап тұру уақыты мейлінше қысқарып, жоспар көрсеткіштері 127 және 110%-терді құраған. Осы ретте, вагондар кідірісінің азаюы өз кезегінде вагон айналымының жақсаруына әкеліпті. Жоспардың орындалуы 110%. Әрине, жоспарлы тапсырмалардың тиянақты және межесінен асыра орындалуы бірінші кезекте станция қызметкерлерінің жұмысты ұтымды ұйымдастыра білуінен екені даусыз.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады