Біз алмайтын қамал жоқ

Аймақтар
12.12.2019, 23:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік жас буын теміржолшылар биылғы Жастар жылындағы атқарылған шараларды қорытындылап, алдағы уақытқа жаңа межелерді жоспарлауда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей ЖТ бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі Ілияс Несіпқамит қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен танылған жаңа буын өкілдерін жинап өзара келелі кеңес өткізді.

Ұйым жетекшісі Ілиястың айтуынша, Жастар жылында атқарылған жұмыстар шаш етектен. Мәселен, жазда өткен Х корпоративті жастар лагерінің мерейтойлы сессиясында күллі ұлттық компания жастары арасында семейлік команда көш басынан табылып, бірқатар аталымдар бойынша бас жүлдені еншіледі. Мұның сыртында «Жайдарман» ойындарында да топ жарып, алдыңғы орындарды еншілеп жүр. Сол тәрізді спорттық салада да бөлімше туын желбіретіп, түрлі бәсекелерде қатарының алды атанған жас теміржолшылар бар. Мұның сыртында жастардың қайырымдылық марафоны аясында жыл бойы түрлі акциялар ұйымдастырылды. Ал мереке күндері өнерпаз жастар қызықты ойындар өткізіп, көпшілік алдында ән мен жырдан өз өнерлерін ортаға салды. Ілияс Несіпқамит айтып өткендей, жылжабар шаралар әлі де бар. Атап айтсақ, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай өңір теміржолшыларына арналып, жастардың әзірлеуімен үлкен мерекелік кеш өткізілмек. Қазіргі күні өнерпаз жастар қауымы оған даярлық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Желтоқсан оқиғасына байланысты арнайы қойылым сахналанып, Жастар жылындағы шаралар қорытындыланбақ. Осылайша желі бойындағы барлық мекемелер мен еншілес кәсіпорындардан тағайындалған жастар ұйымдарының өкілдері есеп беретін болады. Бұл істе Ілиястың орынбасарлары Гүлжан Датбаева мен Әсем Қайратқызының жетекшілігімен тыңғылықты жұмыс жүргізілуде. Тағы бір тұшымды жаңалық Семей өңірлік Жастар кеңесінің құрамы 100 пайызға жаңарыпты. Бұл ретте өз жұмыстарын абыроймен жүргізген кеңестің бұрынғы өкілдері «Орнымызды ізбасар жастарға берелік, жүйе де, жұмыс та жаңарсын» деген ұйғарымға келген. Жастар ұйымының басшысы сонымен қатар алдағы жоспарларымен де таныстырып өтті. Бұл ретте бірқатар межелі шаралар бөлімше басшылығымен тыңғылықты ойластыруды қажет етеді. – Мәселен, алдағы жылдың Президент Жолдауында айтылғандай еріктілер жылы болуы себепті Жастар ұйымының жұмыстарын осы бағыт бойынша жүйелеу қажет. Бастысы теміржолшы жастар еліміз бойынша қолға алынған саяси-әлеуметтік шаралардан шет қалмауы тиіс, – дейді Ілияс Несіпқамит. Белсенді жастардың игілікті бастамалары әлі де пысықталмақ. Яғни, осы айдың соңына дейін алдағы жылдың жоспарлы шаралары кесте түрінде әзірленіп бөлімше басшылығы тарапынан бекітілетін болады. Ал жастар тізе қосса, тау қопаратындарына сенімді. Ұрандары – «Біз алмайтын қамал жоқ». 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады