Қайта түлеген Арыс вокзалы

Аймақтар
23.12.2019, 16:35
Оқуға 2 мин
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Биыл маусым айында болған жарылыстан кейін Арыс қаласы қайта салынды десек болғандай. Төтенше апаттан қираған әлеуметтік маңызы бар ғимараттардың көпшілігі, теміржолға қарасты мекемелер, вокзалдар аз уақытта қалпына келтірілді. Соның ішінде Арыс-1 вокзалы да жөндеуден өткізіліп, қайта түлеген ғимарат бүгінде пайдалануға берілді.

Арыс вокзалының тарихы тым әріде жатыр. Ғасырдан да үлкен вокзалға 115 жыл толыпты. Кешегі жарылыстың салдарынан есік-терезелерінің сынып, зардап шеккені арыстықтардың ғана емес, барша жұртты қынжылтқаны рас. Себебі, вокзал мемлекеттің қорғауында тұрған тарихи жәдігер болатын. Алайда, Үкіметбасы Асқар Маминнің пәрменімен қайта жөндеуден өткен вокзал бұрынғысынан да асқақтап, еңсесі биіктеп, жаңарып-жасара түскендей. Айта кетейік, вокзалдың жөндеу жұмыстарын «Асбест строй» компаниясы жүргізген.

«Аз уақыттың ішінде өте сапалы жұмыстар жүргізілді. Жалпы, құрылысты жүргізген компанияға көңіліміз толды. Вокзалдың ішіне барлық қажетті жағдайды жасап берді. Суық су, ыстық су бар. Аналар мен балалар бөлмесі бар. Тағы бір ерекше айтып өтетіні, мүгедектерге арналған бөлме ашылды. Олардың әжетханасының өзі, қол жуатын жері, барлығы стандартқа сай. Одан бөлек, күту залында мүгедектерге арнап касса мен сырт жақта кіреберісте стандартқа сай пандус жасалды. Өрт болған жағдайда қосымша шығып кететін есік пен іске қосылатын сигнализация, бейнекамера орнатылды. Бұрын камералар да жоқ болатын», – дейді вокзал басшысының міндетін уақытша атқарушы Шерехан Бексұлтан.

Арыс-1 вокзалына бір мезетте 100-ден аса адам сыяды. Жергілікті халық бірінші Арыс вокзалынан тәулігіне 30-40 билет алады. Мұнда негізінен халықаралық пойыздар өтеді, ал қазақстандық пойыздар көбіне екінші Арыстан өтеді. Арыс-1 вокзалында жолаушылар ағыны аздау болғанымен, табыс екінші Арыстан көп түсетін көрінеді. Себебі, халықаралық бағыттағы пойыздарға билеттің құны 40-50 мың теңгеге дейін барады. Айталық,Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға қатынайтын пойыздар өтеді. Билетті онлайн түрде алуға болғанымен, жергілікті халық әлі толық үйреніп кете алмаған сыңайлы.

«Жалпы Арыста онлайн билет алатындар аз, қарапайым халық өздері үйренген әдіспен, вокзалға келіп кезекке тұрып қағаз билет алғанды дұрыс көреді, – деп күлді вокзал бастығы, – Онлайн билет алса да жолаушылар сенімсіз, жарамды ма, жарамсыз ба, біліп беріңізші деп бізге келетіндер де бар».

Бүгінде ажары ашылып, көркейе түскен вокзалда тазалық пен тәртіп орнап, халыққа қажетті қызмет түрлері, касса, терминал, банкомат түгел үздіксіз жұмыс істеп тұр.

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді