Үлес қосқан қызметкерлер марапатталды

Аймақтар
17.12.2019, 14:49
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы Тәуелсіздік мерекесін семейлік теміржолшылар әдеттегі дәстүрге сай айрықша атап өтті. Ұлық мереке құрметіне салтанатты жиын өтіп, отандық теміржол саласының өркендеуіне елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталды.

Кең көлемде ұйымдастырылған мерекелік басқосуға сала ардагерлерінен бастап жастар қауымы, желі бойындағы барша теміржолшылар жиналған болатын. Салтанатты шараны Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев ашып, жыл үлесіндегі жетістіктерге шолу жасап өтті. Ел егемендігінің 28 жылындағы ұлттық компания қол жеткізген табысты еңбекке тоқталды. Сондай-ақ, жүк тасымалы мен қауіпсіздік шаралары бойынша жоғары деңгейдегі көрсеткіштерді де тізбектеп өтіп, көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады. Мұндай салтанатты шаралар марапатсыз өтпей-тіні белгілі. Бұл жолы да еңбекте табысқа жеткен бірқатар семейлік теміржолшылардың абыройлары асқақтады. Атап айтсақ, Көл станциясының бастығы Қайрат Тілеубаев «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін өңіріне тақты.

Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен тепловоз машинисі Амангелді Олжабаев, ШЧ-29 мекемесінің СЦБ электромеханигі Берікхан Жакупов марапатталды. Тағы бірқатар теміржолшылар Басқарма төрағасының Алғыс хатын иеленді. Мұнымен қатар, көптеген теміржолшылар бөлімше басшылығының, салалық кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталды. Өз кезегінде Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов пен салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов та теміржолшыларды құттықтап, мерекелік ізгі тілектерін білдірді. Мерекелік шара барысында Семей өңірлік жастар ұйымы мүшелерінің әзірлеуімен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан музыкалық композиция сахналанып, ел тарихындағы ерекше күн жайлы тұшымды мағлұмат берілді. Бұл ретте жастар қауымы даярлаған сахналық қойылым көпшілік көңілінен шығып, қошемет білдіріп, қол соқты. Ыстық ілтипатқа толы салтанатты кеш өнерпаз теміржолшылар мен олардың балалары әзірлеген мерекелік концертпен жалғастық тапты.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады