Мақат станциясында перрондар жаңартылады

Аймақтар
28.01.2020, 10:59
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Кластан тыс» станция дәрежесі бар Мақат станциясы тоғыз жолдың торабы саналады. Мұнда республикалық және халықаралық дәрежедегі 14 жұп пойыз өтеді.

Соның ішінде «Куляб-Мәскеу», «Ташкент-Волгоград», «ДушанбеМәскеу», «Ташкент-Үргеніш-Саратов», «Худжанд-Мәскеу» транзиттік пойызда ры, «Атырау-Құлсары» жұмысшы пойызы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты Тальго вагондарынан құралған «Атырау-Алматы», «Атырау-АстанаНұрлы жол», «Атырау-Алматы-1», «Атырау-Астрахань», «Атырау-Маңғыстау», «Атырау-Ақтөбе» пойыздары бар.

Жолаушыларға қызмет көрсететін 50 орындық Мақат вокзалы 1966 жылы салынған, бірақ 2014 жылы жөндеуден өтіп, қазіргі кейпі жаман емес. Әйтсе де, станция тұрғындары мен жолаушылар перронның қолайсыздығы туралы жергілікті атқару органдарына және темір жол басшыларына көптен айтып келеді.

Пойызға мініп-түсу қолайсыз, өте төмен. Вокзал аймағы да жазда құмшаң, қыста балшық-сор болып жатады. Сол себепті облыс әкімдігімен вокзал маңын қайта жаңғыртып, жаңа перрон салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алған. Сондай-ақ, Доссор вокзалының перроны да талапқа сай емес. Соған сәйкес, жергілікті бюджет есебінен перрон құрылысына Мақат вокзалына 519 млн теңгеге, ал Доссор станциясына 127 млн теңге бөлініп, жүзеге асырылмақ.

Бұл туралы Мақат ауданы әкімінің жылдық есебінде айтылды.

Жалпы, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің қарамағында 16 темір жол вокзалы мен 37 жолаушылар платформасы бар. Олардың бәрі билет кассаларымен және басқа да міндетті қызмет көрсету түрлерімен қамтамасыз етілген. Солардың ішінде тозығы жеткені Сағыз және Құлсары вокзалдары болатын. Өткен жылы Сағыз темір жол вокзалы ғимараты, оның құрылыс ауданы мен жолаушыларға қызмет көрсету сапасы техникалық тексеруден өтіп, нәтижесінде жаңа вокзал тұрғызу үшін жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға жіберілді. Ал 2018 жылдың сәуір айында жеке кәсіпкер С.Балжігітовтың бастамасымен көлемі 714 шаршы метр болатын Құлсары жаңа темір жол вокзалы құрылысы басталды. Сонымен қатар, 2022 жылға дейін бөлімше бойынша Ганюшкино, Аққыстау, Доссор, Мақат вокзалдары жөндеуден өтеді деп күтілуде. 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды