Өткен жылы Шымкентте 8 адам басу оқиғасы тіркелген

Аймақтар
31.01.2020, 09:54
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент магистральдық желі бөлімшесі өткен жылы өндірістік көрсеткіштерді жақсарту және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысында апат, соқтығыс, қақтығыс, қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға жол берілмеді.

Жалпы бөлімше бойынша құрылғылардың істен шығуына жол бермеу бойынша келесідегідей шаралар қабылданған: тозған материалдарды ауыстыру, жаңарту іс-шаралары жасалды, орта буын басшыларымен жол, СОБ, байланыс, энергетика және байланыс желі құрылғыларын, ағымдағы жылы күтіп ұстау бойынша техникалық және практикалық сабақтар өткізілген.

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Әденұлының айтуынша, ай сайын дистанция басшыларын тыңдай отырып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке нормативтерді орындау мәселелері бойынша техникалық-экономикалық кеңес өткізіліп тұрады. – Біз мұнда техникалық процесс кестесі, өндіріс жұмыс ережесі, жолдарды күтіп ұстау жұмыстарының толық орындалуына бақылауды күшейттік.

Осы 2020 жылы жол, СОБ, электрмен жабдықтау құрылғыларын күтіп ұстауды жақсарту, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірледік.

Бұл ретте апаттық жағдайлардың туындауын болдырмау мақсатында және стандартты емес жағдайларда, аварияға қарсы жұмыстарға қатысты көршілес мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, дайындық жасау қарастырылды, – дейді НЖС-9 директоры М.Оңалов.

Өткен жылы бөлімше бойынша пойыздардың шұғыл тежеуін қолдануы 100-ге жеткен, 2018 жылы 104 рет тіркелген, оның ішінде мал басу – 17 (2018 жылы 12), малдың жолға шығып кетуі – 33 (2018 жылы 36). Мал басу бойынша барлық материалдар тиісті органдарға толық берілген. Ал адамдардың жолға шығуы 48 (2018 жылы 54) рет тіркелген.

Жолда адам қағып кетудің алдын алу, сондай-ақ шұғыл тежеуді қысқарту мақсатында өткен жылы 17 қазанда жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен алқалы кеңес өткізілген болатын.

Осы отырыста Шымкент-Қызылсай, Шымкент-Игілік телімдерінде бес жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі мен он жерасты жаяу жүргіншілер өтпесін салу туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек, шұғыл тежеулердің, адам басу оқиғасы мен қараусыз малдың алдын алу барысында да біраз жұмыстар жүргізілді. Жоспарда көрсетілгендей, нақты 7 км сым қоршаулардың құрылысы жүргізілді. Олар: ПЧ-53 – 4 км, ПЧ-54 – нақты 3 км. Ал мал өткізбейтін 11 км қоршау жөнделді. Оның 3 км ПЧ-53, 8 км ПЧ-54 жүзеге асырылды.

Айта кетейік, өткен жылы станцияларда жергілікті тұрғындармен 6613 адамды қамтыған жүзге жуық жиын өткізіліпті.

«Теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ» тақырыбында 20 613 оқушыға және 2 997 мал иесіне теміржолда мал жаюға болмайтыны, ал оқушыларға теміржолда абай болу керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Жол-көлік оқиғаларының алдын алуда ЖІІБ, МАИ қызметкерлері бірлесіп 33 рейд өткізілді.

– Шыны керек, қабылданған шаралар лайықты нәтиже бермей отыр. Кейбір тұрғындар теміржол мүлкіне немқұрайлы қарайды, иесіз малдың жайылуы, адамдардың белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өте салуы әлі де орын алуда. Бірақ соған қарамастан бөлімшемізде тұрақты әрекеттегі құрылған жұмыс тобы жоғарыда айтылған тәртіп бұзушылармен күресуді жалғастыруда. Адамдарға, қараусыз малға, теміржол материалдарын және т.б. ұрлыққа жол бермеуге бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеп, сол бойынша әрекет етудеміз, – деді Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Әденұлы.

Айта кетсек, 2019 жылы 12 айда 12 оқиға (инцидент) болған, оның ішінде 8 адам басу оқиғасы. 

Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті