Өрт сөндіру қызметі: тілсіз жаудан аман

Аймақтар
31.01.2020, 12:31

Сәл осалдық танытсаң бәрін бір-ақ сәтте жалмауға дайын тұратын өртпен күрес қашан да маңызды. Бұл бағытта Маңғыстау теміржолындағы жұмыс қарқыны қалай? Жалпы, өткен жылы қандай шаралар атқарылып, нендей фактілер тіркелді? 

Бұл сұрағымызға Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағының бастығы Қайырхан Таласов жауап берді.

− Біз үшін 2019 жылдың басты жетістігі, ол – өткен жылдан бірдебір өрт оқиғасыз шыққанымыз. 2018 жылы екі өрт оқиғасы орын алған. Сондықтан өткен жылы өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды мықтап қолға алдық. Жалпы, былтырғы жыл жаман болмады. Жасаққа қарасты Бейнеу өрт сөндіру пойызы үшінші класты сертификатқа ие болды.

Бұл – пойыз белгілі бір тексерістерден босатылады деген сөз. Өйткені Бейнеу өрт сөндіру пойызында жиырма жылда бір рет те жарақат алу деректері тіркелмеген. Қалған екі пойызда да әлі күнге өндірістік жарақат алу, бақытсыз оқиға тіркелмеген. Қазірде Маңғыстауда үш өрт сөндіру пойызы бар.

Соның біреуі Бейнеуде, қалғандары Маңғыстау және Болашақ станцияларында. Ал енді осы пойыздардың бір жыл ішіндегі жұмыс көрсеткіштеріне келсек, алдыңғы жылғымен салыстыр-ғанда біраз өзгерістер бар, – дейді жасақ бастығы.

Қайырхан Таласовтың мәліметінше, жылдағыдай былтыр да өртке қарсы тиісті бақылаулар мен іс-шара лар өз деңгейінде жүргізілген. Жылға жоспарланған 12 оқу-жаттығу және республикалық штабтық «Көктем-2019», «Қорғау-2019», «Қыс-2019» оқу-жаттығулары белгіленген уақытында кестеге сай ұйымдастырылған.

Сондай-ақ түрлі тексерістер өткізіліп, анықталған кемшіліктерге қатысты қажетті жұмыстар атқарылған. Тарқатып айтсақ, өртке қарсы қызмет мамандары былтыр барлығы 116 953 жүк вагонын тексерген. Оның ішінде қауіпті жүк тиелгені – 109 165, жолсерігі бар жүк вагоны – 2529, контейнер – 5259. Ал жолаушылар пойыздары бойынша 213 пойыз 2757 вагон қаралған. Оның ішінде 133 пойыз 1759 вагон құрылым басында, 80 пойыз 998 вагон жол бойында бақыланған. Нәтижесінде құрылым басында 489, жол бойында 17 кемшілік табылған. 5 вагонға өрт қауіптілігі жөнінде ескерту парағы берілген. 4138 жолсерікке нұсқаулық өткізілген. Сондай-ақ, аталған қызметтің мамандары өткен он екі айда 4002 локомотивтен 2589 кемшілік тапқан.

Яғни олар жүріс бөлігінің майлануы, багынан май ағуы, май шүберектерінің кез келген жерде жатуы, өрт сөндіргіш құралдардың жарамсыздығы, электр көзі бойынша, т.б. Онымен қоса 6717 адамға нұсқаулық өткізілген. Ал арнайы құрамдарды тексеру бағытында қаралған үш құрамнан 13 кемшілік тіркелген. Бір арнайы құрамға ескерту парағын берген. 83 адамға нұсқаулық өткізілген. Нысандарға қатысты 521 нысаннан 544 кемшілік табылып, 24-не ескерту парағы берілген.

− Ескерту парағын өртке қауіпті немесе оның шығуы мүмкін жағдайларда қолданамыз. Тоқ жүйесінің қауіптілігі бойынша да 4 ескерту парағы берілді. 2065 адамға нұсқау жүргізілді. Сонымен қатар 33 теміржол жиегі тексеріліп, 19 кемшілік, 1 ескерту парағы жазылды, – дейді жасақ бастығы.

Нысандарда өрт қауіпсіздігі бойынша қандай стандартқа сәйкессіздіктер кездеседі дегенге келсек, өртке қарсы тәртіптің дұрыс болмауы, тоқ жүйесі бойынша, өрт сөндіргіштердің жабдықталмауы немесе жарақсыздығы, өрт дабыл қаққышы, сумен жабдықтау, ағаш сөрелерін өрттен қорғайтын қоспамен сырлау, тоқ нысандарының кедергі күшін тексеруге қатысты, т.т. жайттар көп кездеседі екен.

Қайырхан Таласов анықталған олқылықтарды дер кезінде жою шаралары алынғанын, соның арқасында түбек тілсіз жаудан аман, теміржолдағы тынымсыз тірлік кедергісіз жалғасуда екенін айтады. 

Жаңалықтар
14.05.2026
ТМД темір жолдары интеграцияны нығайтуда
Жаңалықтар / Инфрақұрылым
14.05.2026
Көлік вице-министрі «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің іске асырылу барысын тыңдады
Жаңалықтар / Инфрақұрылым
14.05.2026
Солтүстік Қазақстандағы вокзалдарды жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Аймақтар
14.05.2026
Маңғыстау теміржолының ардагерлері бас қосты
Әлемде
14.05.2026
Швеция жануарларды анықтайтын жасанды интеллект жүйесін сынақтан өткізіп жатыр
Инфрақұрылым / Инфографика
14.05.2026
Қазақстанда темір жолдарды жаңғыртудың жоспарланған көлемінің үштен бірі орындалды
Аймақтар
14.05.2026
Ардагерге тағзым – ұрпаққа өнеге
Жаңалықтар
14.05.2026
Шу станциясында полицейлер азаматты ажалдан аман алып қалды
Жолаушылар тасымалы
14.05.2026
1 маусымнан бастап Семей – Жалаңашкөл бағыты бойынша жол жүру тарифі өседі
Жаңалықтар
13.05.2026
Үш өңірде вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Жаңалықтар
13.05.2026
Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Әлемде
13.05.2026
Ресей темір жолы жаңа капсулалы вагондарды таныстырды
Аймақтар
13.05.2026
Ардагерден бата алды
Жүк тасымалы / Инфографика / Апта саны
13.05.2026
2026 жылдың алғашқы төрт айында ҚТЖ желісінде 84 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жолаушылар тасымалы
13.05.2026
ҚТЖ жазда 4,2 млн жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр
Спорт
13.05.2026
Маңғыстауда теміржолшылар арасында аймақтық турнир өтті
Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты