Айлықтар нәтіжесін беруде

Аймақтар
17.04.2020, 09:32
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында Астана вагон пайдалану депосы бойынша 20 257 пойызға техникалық қызмет көрсетіліп, 20 342 вагон жүк тиеліміне берілген.

Қазір депода өткен жылы 23-желтоқсанда басталып, төрт айды қамтитын «Бүйір рамасын бақылау айлығы» өтіп жатыр. Сонымен қатар биылғы 1 наурыздан басталып, 31-де аяқталған «Ерекше бақылау – тежегіш жабдығы» айлығы да өз мәресіне жетті.

«Вагон қарау сапасын арттыруға тигізер әсері мол бұл айлықтар барысында бақылау мен тәртіп бұрынғыдан да күшейе түсті. Соның арқасында үлкенді-кішілі, тіпті иненің жасуындай көзге көрінер-көрінбес ақаулар да табылып жатыр. Мысалы, осы жылдың 12 ақпанында күндізгі 14 сағат 50 минут шамасында Дөңесалды паркі техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушысы Б.Айтуғанов №2943 жүк пойызының №28082782 вагонынан бүйір рамасының білінер-білінбес жарығын анықтады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады», – дейді Астана вагон пайдалану депосының инженер-технологы Дархан Ахитов.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың үш тоқсанында 50 техникалық сабақ өтіп, 900-ге жуық жұмысшы қамтылған. Техникалық сабақ барысында вагон қараушылармен бірге букстық тораптар, онда ақаулықтардың пайда болу себептері, букс торабының құрылымы мен міндеті, вагондарға жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету барысында қауіпсіздік техникаларының негізгі талаптары, ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 стандарттарының орындалуы сияқты бекітілген тақырыптар қамтылған.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады