Электромеханик - үздік өнертапқыш

Аймақтар
25.10.2016, 12:36
        Жамбыл бөлімшесінің мәжіліс залында жылдың үздік өнертапқыштарына құрмет көрсеткен жиын өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығының директоры Қанат Сүйіндіков бүгінгі күні ұлттық компанияда зияткерлік меншік жүйесін қорғауға баса көңіл бөлініп отырғанына тоқталды. Рационализаторлықты қолдау, дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған Қанат Әнуарбекұлы бұған дейін аймақтағы теміржолшыларға «Үздік рационализатор» төсбелгісі конференцияларда беріліп келсе, соңғы екі жыл көлемінде еліміздегі қаржылық жағдайға байланысты өңірлерге барып беріледі екен. – Дегенмен, алдағы жылы конференция өткізу ойымызда бар. Өздеріңізге белгілі ұлттық компанияда рационализаторлық жұмыстар бекітілген нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асады. Соңғы кездері бұл жұмыстарға да елеулі өзгерістер енгізіп отырмыз. Бұған дейінгі конференцияларда «Үздік рационализатор» байқауында І, ІІ, ІІІ орындар бір ғана аталыммен аталып келген-ді. Ендігі жерде темір жол мекемелерінің әр шаруашылығы бойынша бөлек аталымдар аталады. Мысалы, жол шаруашылығы, электрмен жабдықтау шаруашылығы, байланыс және сигнал беру шаруашылығы, т.б. Ал рационализаторлық идеялардың насихатталуы жөнінде салалық «Қазақстан теміржолшысы» газетінде көптеген мақалалар жарияланды. Сондай-ақ, «Үздік рационализатор» KZ сайты да тұрақты түрде жұмыс жасап тұр. Өткен жылы «Үздік рационализатор» төсбелгісімен 36 адам марапатталса, ағымдағы жылы 28 теміржолшы осы марапатқа ие болады. Яғни, бұл атаққа ие болғандар жылына бес рет рационализаторлық ұсыныс жасаған мамандар. Әрине, олардың жұмыстарының барлығы іріктеліп, қаралды. Жұмыстарының экономикалық үнемділігі ескерілді. Мысалы, өткен жылдың қорытындысында 1299 теміржолшы рационализаторлық ұсыныс жасаған. Яғни, белсенділік басым. Ал ағымдағы жылдың өткен тоғыз айында 986 теміржолшы ұсыныс жасаған. Жыл соңына дейін тағы артатынына сенімдімін, – деген орталық басшысының мәліметіне сәйкес,  Жамбыл өңірінде:  ШЧ-35, ШЧ-36, ЭЧ-22, ЭЧ-23, УПЧ-48, УПЧ-51, РСП-2, Жамбыл локомотив пайдалану депосы өндіріске тиімді жаңалықтар енгізіп отырған белсенді өнертапқыштарымен танылған мекемелер қатарынан екен. Бүгінгі күні ҒАжТ орталығының мамандары зияткерлік меншікті қорғау жүйесі бойынша тәртібін және әдістемелік жаднамалар дайындап отыр екен. -  Рационализаторлық ұсыныс – зияткерлік меншік нысаны болып табылады. Сондықтан оны қорғауда патент алған жөн. Патент – мемлекеттен қорғалады, – деді Қанат Сүйіндіков. Орталықтың шешімімен Жамбыл байланыс және сигнал беру дистанциясының электромеханигі Талғат Инсапов «Үздік рационализатор» атағын жеңіп алғаны   хабарланып, Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов үздік өнертапқышқа төсбелгісін табыс етіп, құттықтады.  Бұдан соң жиналған көпшілікке рационализаторлықты дамыту жолдары түсіндірілген бейнефильм ұсынылды.  

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Суретті түсірген автор

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады