Техникалық шығармашылық жемісі

Аймақтар
04.11.2016, 16:59
Өткен аптада Ақтөбе мен Орал жүк тасымалы бөлімшелерінің бір топ үздік рационализаторлары марапатталды. Ақтөбеде өткен шара барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Зияткерлік меншік бөлімінің бастығы Нұрлан Әбдумамынов   ұлттық компаниядағы рационализаторлық қызмет барысы туралы баяндады. Бірқатар құқықтық-нормативтік актілермен реттелетін рационализаторлық қызмет ережелері туралы егжей-тегжейлі сөз болды. Компания басшылығы тарапынан өнертапқыштардың шығармашылығын ынталандыру үшін жасалып жатқан шаралар да назардан тыс қалмады. Астаналық өкілдің айтуынша, Нұрлан Әбдумамыновтың айтуынша, конкурстар бойынша номинациялар саны артқан. Жаңашылдық кеңінен насихатталады. Экономикалық тиімділігі болмаса да, оған төленетін ақы мөлшері бірнеше айлық есептік көрсеткішке көбейтіліпті.  Жабдықтар мен технологиялардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырып отыру үшін рационализаторлық қызмет – бүгінде үнемі жетілдіруді қажет ететін процесс деді. – 2015 жылдың қорытындысына сүйенсек, компаниялар тобы бойынша белсенді рационализаторлардың саны 1300-ге жуықтаған. Ал осы жылдың 9 айында 1000-ға жетіп қалды. Енгізілген рационализаторлық жобалардың саны өткен жылы 1412 болса, биыл 9 айда 835-ге жетті, –дейді ол. Енгізілген ұсыныстар мен таратылған рационализаторлық ұсыныстардан 2015 жылы жалпы экономикалық тиімділік 253 миллион теңге болса, биыл жыл басынан бері 91,3 млн теңгені көрсетіп отыр екен. Ең көп жаңашылдық жүк тасымалы бөлімшесінде енгізілген. Былтыр 35,3 миллион теңге авторлық сыйақы төленсе, биыл 9 айда 14,2 миллион теңге қарастырылыпты. Жалпы, жаңа ереже бойынша ұсыныстар автоматтандырылған электронды форматта 7 жұмыс күнінің ішінде қаралып болады. Рационализаторлық жобаларды енгізу жоспарын орындауда Қандыағаш ШЧ-4, Біршоғыр – ПЧ-7, Ақтөбе ақпараттық бағдарламалар әзірлеу орталығы көш бастап тұр екен. Ал экономикалық тиімділігі жағынан Ақтөбе жүк бөлімшесі, Ақтөбе ШЧ-5, Біршоғыр ПЧ-7, Ақтөбе ЛВЧДР-5, Қандыағаш ТЧЭ-5, «КТС» АҚ Батыс филиалы алда.  Ақтөбе өңірі бойынша бірқатар белсенді рационализаторлардың белсенділігін атап кетптеуге болмас. Олар Қандыағаш ВЧД-4 мекемесінің жетекші инженер-технологі Азамат Мыңжасаров, Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі техникалық бөлімінің бастығы Жаслан Рысқалиев, Ақтөбе ТЧЭ-2 мекемесінің жетекші инженері Т. Искаиров, Ақтөбе әзірлеулер орталығының инженер-электроншысы Р.Камалутдинов, Шалқар ШЧ-3 мекемесі өндірістік учаскесінің бастығы Н.Дәуіт, Ақтөбе ШЧ-5 мекемесінің аға электр механигі А.Ғабитов және Біршоғыр жол дистанциясы директорының орынбасары И.Сатыбалдин. Техникалық информаторлардың да жұмысы жақсы жолға қойылған. Олардың қатарында Ақтөбе ШЧ-5 өкілі Ж.Тәжімбет, Ақтөбе әзірлеулер орталығының инженер-технологы В.Латанский, Ақтөбе ЛВЧДР-5 мекемесі бойынша Ж.Махановты атап өтуге болады. Жиын соңында Ақтөбе мен Орал жүк бөлімшелерінен шығармашылықпен айналысатын 5 теміржолшыға өнертапқыштық жаңалықтары үшін Авторлық дипломдар табысталды. Олар Сергей Шкоков, Тілеубай Махамбетов, Арман Душанов, Жалғасбай Жулмурзин, Николай Любиндер. 

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды