«Дүйсекеннің әкімі» Гүлжан
Аймақтар
04.11.2016, 17:09
Локоть – Семей телімінің 629,8 шақырымында орын тепкен Дүйсекен жол айрығында тек теміржолшылар тұрады.
Сыңсыған қалың орман ішіндегі шағын станция ғимараты ағаштан салынған, ертегідей ескі көрінгенмен сүйегі мықты. Қызмет көрсетіп тұрғанына биыл 102 жыл толады. Теміржол саласында жиырма жылдан астам еңбек өтілі бар станция басшысы Гүлжан Бекмұхаметқызын жергілікті теміржолшылар «Дүйсекеннің әкімі» дейді екен. Айтса айтқандай, табиғатынан тынымсыз, шектен тыс жауапкершілік қасиеті бар теміржолшы келіншек өзін осы жол айрығындағы барлық жұмысқа жауапты санайды.
Биыл бой көтергеніне ғасырдан асқан станция ғимаратына биыл бекет бастығының жетекшілігімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ғимарат ішіндегі жылыту жүйесі күрделі жөндеуден өткізілген. Үстел-орындық, шкаф тәрізді қажетті кеңсе заттары толықтай жаңартылған. Шаруашылыққа қатысты мәселе жоқ. Ағаш-отын түсірілген, көмір жеткізілген.
Гүлжан Түсіпқанова үшін аптаның дүйсенбісі аса маңызды. Бұл күн белгіленген тәртіп бойынша «Станция бастығының күні». Тексеру шаралары қалыптасқан дағды бойынша таңертеңгісін бағыттама басынан басталады. Қасына жолшылар бригадирі мен электромеханикті ертіп алып, жолға шығатын станция бастығының назарынан ештеңе тыс қалмайды. Желіге тиесілі жол бойы мен СОБ құрылғылары, бағыттамалы бұрмалар, байланыс желілері түгелдей сүзгіден өтіп, ғимараттарға келіп бір-ақ тіреледі. Гүлжан Бекмұхаметқызы кінәрат жібергендерге қатал. Қолтығына қыстырған «ДУ-46» журналына табылған ақаулықтарды тіркеп жазып, оны қалпына келтіру мерзімін де белгілеп қояды. Бір бұл емес, қорытынды хаттама да толтырады.
Жұбайым екеуміз қол ұстасып теміржол саласына бірге келдік. Қазірде жұбымыз жазылмай бірге еңбек етудеміз. Ол станция кезекшісі. Балаларымыз мектеп жасында. Бүгінде осынау шағын болса да табиғаты көркем, тарихы үлкен станцияда қызмет етіп жатқан он шақты теміржолшылар отбасы бір шаңырақ астында тұрып жатқандай татумыз, – дейді Гүлжан Бекмұхаметқызы.
Алғашқы қызмет жолын Жаңа-Семей станциясында техникалық кеңсе қызметкері ретінде бастаған Гүлжан түптің түбінде станция бастығы болуды армандаған екен. «Адал еңбек етіп, іскерлігіңмен танылсаң неге болмасқа...» деп ойлайды екен. Міне, арманы алдамады, шағын болса да жүк тасымалы үшін маңыздылығы бір де кем емес станцияны басқарып, саланың өркендеуіне өз үлесін қосып отыр.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл