Техникалық ахуал қатаң қадағалауда

Аймақтар
11.11.2016, 11:58
Локоть – Семей телімінің 561,1 шақырымында орын тепкен төртінші класты Ауыл станциясындағы теміржолшылар тіршілігі қашанда қауырт. Шекара шебінде тұрғандықтан негізінен халықаралық жолаушылар пойызы мен транзиттік жүк тасымалы құрамдарын қабылдап алып, аттандырып салып отырады. Сол себепті де жауапкершілік екі еселенеді.  Қазіргі күні мұнда жүзден аса теміржолшылар отбасы тұрып жатыр. Желі бойындағы жұмыстың жеңілі жоқ, дегенмен солардың арасында вагон қараушыларына жүктелген міндетті ерекшелеп атауға болады. Аталмыш станциядағы вагон қараушы Қайрат Орынбасаров бұл қызметтің маңыздылығын жақсы біледі. Себебі, табиғаты аса қатаң аймақ саналатын Ауыл станциясында теміржолшы болудың өзіндік жүгі бар. Қайрат Нұртасұлының аталмыш қызметте жүргеніне биыл 12-ші жылға ауыпты. Вагондардан ақаулық іздеп, қажет жағдайда ықшам түрдегі, жеңілдетілген жөндеу жұмыстарын жүргізу – негізгі міндеті. Станция басындағы 9 вагон қараушысының өзіндік атқарар қызметтері бар. Араларында Дизат Қалиев сынды аға вагон қараушысы жетекшілік ететін теміржолшылар өз істеріне жауапты. – Қызметіміз табиғаттың қолайсыз күндерін есептемегенде, жауапкершілікті айтпағанда, аса ауыр дей алмаймын. Елдің шеті, шекараның шебі болғандықтан мұнда жылжымалы құрамдар ұзағырақ аялдайды. Иісшіл ит ерткен шекарашылар вагондарды толық аралап шығып, жолаушылар құжаттары тексерілгенге дейін біз де жұмысымызды бітіріп үлгереміз. Басты міндетіміз, өзге ел асып келе жатқан пойыздардың техникалық ахуалын жіті қадағалаудан өткізіп, мұқият тексеру. Соңғы жылдарда бірде-бір оқыс оқиғаға жол берген жоқпыз, – дейді өз ісінің шебер меңгерген вагон қараушысы. Қазіргі күні Ауыл станциясында теміржолшылар игілігі үшін барлық жағдай жасалынған. Қатаң маусымды қысылмай өткізу үшін жұмысшы күшінің де керек-жарағы сай болуы қажет. Осы ретте вагон қараушылар да қысқы арнайы қызметтік киім түрлері мен аяқ киімдермен толық қамтылыпты. Бұл тарапта ешқандай шағым жоқ. Сондай-ақ, жылыну үйшіктері, техникалық тексеру пункттері толығымен күрделі жөндеуден өткен. Станциядағы бір қолайсыздық – ауыз судың тапшылығы болатын. Биыл бұл мәселе де оң шешімін тауыпты. Қазіргі күні мұндағы теміржолшылардың өз моншалары бар.    Отбасында үш бала тәрбиелеп жатқан Қайрат Нұртасұлы ұлдарын да осы салаға баулуда. Бір ұлы Алматыдағы темір жол колледжін бітірген. Олардың да ертеңгі күні дәл өзі тәрізді шекара шебінде отандық теміржолда қызмет еткенін қалайды. Көз ұшында Ресей шекарасының күзет мұнарасы қараяды. Яғни, өзге елдің аумағы басталады деген сөз. Ал Ауыл станциясы Қазақстан туы желбірейтін Шығыстағы бірегей темір жол қақпасы. «Көгінде қыран қалықтаған көгілдір ту жұмысты бастар сәтте, содан соң шаршаған уақыттарда көңілге ерекше сезім сыйлайды»  дейді мұндағы теміржолшылар қауымы.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Ауыл

Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды